Басты жаңалықтарЖаңалықтарЖаһан жұлдыздарыКлиптерМузыкаПродюсерШоу бизнесӘнші

Санаулы сағаттан соң «Жыл таңдауы – 2019» ұлттық жүлдесі басталады

Жыл таңдауы - қазақ эстрадасындағы хит әндердің орындаушылары тартысқа түсетін ең алапат музыкалық жоба. Биыл жастар жылы аясында өтетін жүлдеде 60-қа жуық ән орындалады. Аталмыш кеште отандық хит әншілерден бөлек, Түркия, Ресей, Украинаның жарық жұлдыздары да бақ сынамақ. Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі тарқатады.

Еліміздегі ең ауқымды телевизиялық музыкалық ұлттық жүлде биыл төртінші мәрте шымылдығын түреді. Бағдарламада жастар арасындағы трендтегі тректер тыңдалып, ғаламтордағы жылдың ең үздік хит орындаушылары өнер көрсетеді. Олардың қатарында «Азия» мен Бақай», Серік Гамза-заде мен Айдана Меденова, Мәди Рымбаев пен Bonapart, Арман Қоңыр мен Аша Матай, Нұржан Керменбаев пен Әділ есімді жас әнші дуэт құрса, Айқын Төлепберген, Кәмшат Жолдыбаева, Балжан Бидаш, Ерке Есмахан, Әли Оқапов, Диас Абылаевтар жеке ән шырқамақ. Сондай-ақ, жастар арасында «Девочке в тренде» әнімен таңылған Мико көрерменге ерекше көңіл-күй сыйласа, Мирас Жүгінісов, «101»  тобы да әдемі әндерімен қуантпақ. Айта кетейік, аталмыш жоба сахнасында алыс-жақын шетелдерден Filatov& Karas, Burito, ТERNOVOY, KarSu, Kazka сынды өнер иелері де бой көрсетеді және отандасымыз Nazima да арнайы қонақтар тізімінде бар.

«Шетелдік әншілер өздері өтініш білдірді. Сондықтан ешқандай қаламақы төлеп жатқан жоқпыз», – дейді жоба продюсері Жан Мұқанов.

Он екі мыңнан астам көрерменге қайталанбас шоу ұсынуға жүздеген кәсіби мамандар жұмылдырылған. «Жыл таңдауы – 2019» телевизиялық музыкалық ұлттық жүлдесінің тізгінін Ләйлә Сұлтанқызы, Санжар Мәди, Кирилл Мейстер,  Баян Алагөзова, Ольга Спирина, Ләйлә Қазиақпарова  сынды танымалдар ұстайды. Ал, жоба режиссері Ғалия Байбосынова әр әншінің номерін жіті қадағалаудан өткізіп, алдына жан салмай жүр.

«Басқа жыл таңдауларынан қарағанда,  бұл жолы форматы бойынша мүлдем бөлек кеш болады. Өйткені бүгін кілең жастар және жастар арасындағы трендтегі музыканы тыңдайсыздар» – дейді режиссер.

Төрт ай бойы тыңбай еңбек еткен жүлде ұйымдастырушылары, көрерменге сапалы концерт, естен кетпес шоу сыйлауды көздеп отыр. Ендеше санаулы сағаттардан соң Алматы Арена мұз сарайында өтетін еліміздегі ең ауқымды жобаның жүлдегерлерін анықтауға келіңіз!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button
Close