InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘншіӨткенге шолу

«Жарқырап жүрші, тек аман!» Мұрат Қожаның алғашқы әйелі әншіге жүрекжарды жазбасына арнады

Күні кеше Мұрат Қожаның алғашқы әйелі ел күтпеген жазбасын желіге жүктеді, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Мұрат Қожаның бірінші әйелімен дәм-тұзы жараспаса да, экс-жұбайлардың арасында сыйластықтың бары сезіледі. Соңғы посттарының бірінде бұрынғы күйеуімен түскен суретін салып, ностальгияға толы жазба арнаған әншінің алғашқы келіншегі Айман Нұразхан оқырмандарының назарына өзіне бірден аударды.

«Эх, Экс, сен қандай едің? Кешелі бері сол ой мені мазалауда. «Жарқыраған жұлдыз, жаулап алған от едің, жанып тұрған шоқ» едің!
«Жұлдызды жекпе-жектің» іріктеуі басталған сәттен-ақ, мен «Нұр&Мұрды» ұсынып едім. Қалай болғанда да маған бөтен адам емес қой деп. Сонда жобаның бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова жалт қарап: «ты уверена?» дегенде, әрине деп бір жымидым. Көрейік, мүмкіндік берейік, 20 жылдық тарихы бар топ қой. Кезінде топтардың ішінде нөмір бірі болып, Мәскеудің телеарнасынан шыққан алғашқы әншілер еді. Тв-ны қоссаң да, радионы ашсаң да тек «Нұр&Мұрдың» хиттері шырқалғаны бәрімізге аян. Ол шындық – ақиқат! Модератор Мейрамбек Бесбаев: «ой, Айман, сен де ескілерді еске алып» деп, өзінің профессионалдық тұрғыда көзқарасын білдіріп қолдағанына үлкен рахмет! Гүлеке Сізге тағы да рахмет, жігіттерге шанс беріп олардың қайтадан өнерлеріне бір серпіліс бергендеріңізге! Ал мен сол күні бір түрлі қыз болып жүрдім. Ішім алай-дүлей, кәдіміскүдей тақымымды қысып, уайымдағанымды жасыра алмаймын! Әйтеуір формадан кетсе де, көзден кетсе де жартылай финалға ілінгеніне не қуанарымды, не әттеген-айымды айта алмадым! Қалай болғанда да әдемі болып, жарқырап жүргендерін қалайды екенмін! Көп нәрсеге көзімді жұмғанннан дәл сол күні жүгіріп жүріп, шұңқырға қалай түсіп кеткенімді де түсінбей қалдым! Жаралы жүрек одан сайын сыздап, өзімді қоярға жер таппай қиналып қалдым. Бірақ бұл жұмыс болғаннан соң, ішімдегі жан айқайымды көрсетпеуім қажет екенін де білемін! Қой, шо то эмоцияға берілмей тұрғанымда «Нұр&Мұрға» сәттілік тілейін! Алдағы уақытта Хабар арнасынан көріп ,өз бағаларыңды беруге мүмкіндіктеріңіз бар.
Біздің өмір әлі алдымызда, қайда болсаң да, қайда жүрсең де, жұлдызым болып, жарқырап жүрші, тек аман!
» деді Мұраттың алғашқы әйелі инстаграмда.

Сондай-ақ, әншінің алғашқы жұбайы «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің ескі фотоларын жүктеген. Дәл осы жазбадан соң Айманның оқырмандары түрлі пікірлерді жаңбырша жаудырды.

Алғашқы тарап «Апырмай, не дейді?», «Өләә, мына фото қалай кетті?» деп таңданысын жасыра алмай жатса, оқырмандарының енді бір тобы «Өзінің «эгосын» қыздарының бақыты үшін жеңе білген анадан айналдық», «Жылап алдым. Бақытты болыңыз!», «Батыр жүрексіз ғой», деп ризашылдығын білдірді.
Айта кетейік, Мұрат Қожаның алғашқы некесінен үш қызы бар. Ал, әншінің екінші отбасында да кішкентай кестетігер өсіп келеді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close