InstaNewsЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Сәдуақасованың сексуалды суреттері елді дүрліктірді

Көкірегін ашқан Сәдуақасоваға жұрт шүйлікті. Бұрын-соңды Мәдинаның жабық образына көзі үйренген көрермен әншінің бұл қылығын түсіне алмай әлек, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Сәдуақасованың соңғы фотосессиясындағы суреттерін желіге жүктегені сол еді, оқырмандары бикешті бірден сыбап тастады. Әншінің сахнадағы сыпайы қылығы мен жарасымды образына көзі үйренген көпшілік, кеудесін ашқан Мәдинаның қылығын түсіне алмаса керек…
«Неменеге кейінгі кезде емшегіңді ашып түсе бересің? Кімге қырындап жүрсің? Күйеуің үндемейді екен. Не болған хайп үшін бе? Енді сен шықтың ба 40-қа келгенде қылық көрсетіп», – деді желі қолданушылары.


Сылқымның соңғы жазбасын сынға алған тек желі қолданушылары емес. Мәдинаның су жаңа суреттеріне Мақпал Жүнісова да жатырқай қараған секілді.
«Масқара! Енді Мәдинаға звондап ақылымды айтайын. Ұят екен»,- дейді Мақпал Жүнісова.
Халық әртісі өнердегі сіңілісімен бетпе-бет кездесіп, ақылын айтуды жөн санаса, Жеңіс Ысқақова әншінің ашық образына қолдау көрсеткендей.
«Енді кеудесі кішкене көрініп тұрса не болыпты. Менікіндей көрінбейтін кеуде болады. Ол көрініп тұрған кеудені қайда тығады енді ол. Табиғаттың бергені не істейді енді. Ал енді кеудесі шығып тұрса оның кеудесі үлкен ден сөз. Кеудесі жоқтар біздер жүрміз ғой. Көрсететін ештеңеміз жоқ»,-дейді Жеңіс Ысқақова.


Лайк пен хайп және қаралым! Әншінің соңғы суреттерді жүктеудегі мақсаты осы сыңайлы. Себебі, әнші соңғы постында: «Адамның бір иығы қанша комментарийге ие болады екен?»– деп суретін жүктеген еді.
Мәдинаның бұл посты 22 мыңнан астам лайк, 800-ге жуық пікір жинаған еді.
«Бұл өмірдің лайкына бола жұмыс істеудің қажеті жоқ. Негізі маған ашық-шашық образдар ұнамайды. Бұл тек менің ойым емес, барлық жігіттердің ойы. Сондықтан, қыздар қауымына айтарым, барынша жабық киініңіздер», – дейді Жасұлан Базарбаев.
Жасұлан қатты қателескен сыңайлы. Себебі, Садуақасованың сексуалды суреттері Еспановқа майдай жақса керек.
«Адам әдемі жерін көрсету керек қой. Әдемілік әлемді құтқарады дейді ғой. Сол себепті, әдемі болып тұрсаң, оның несі айып. Мысалы Дженифер Лопес, Бритни Спирс деген сынды әншілер де жүр ғой. Біздің қыздар олардан да әдемі»,- дейді Нұрлан Еспанов.
Соңғы кездері актриса Әсел Асқар да еркеше суретімен еркектерді елітсе, атышулы Алтынай Жолдыбаева да желіде жалаңаш кейпімен жұрттың ашуын тудырып жүр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button
Close