ЖаңалықтаржоғарыӘнші

50 мың теңге: Димаштың Астанада өтетін концертіне билеттер қанша тұрады

Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін концертіне билеттер жақын арада сатыла бастайды. Бұл туралы “Қазақстан” телерадиокорпорациясының басшысы Ерлан Қарин Астанада өткен баспасөз конференциясы кезінде айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Қазір ұйымдастыру жұмыстарын аяқтап жатырмыз. Билеттер жақын күндері сатылымға шығады. Келесі аптада деп отырмыз. Барлық азаматтардың мүмкіндігі болсын деп сатылымды ғаламтор арқылы жүзеге асырамыз”, – деді Қарин.

Билет бағасы 500 теңгеден 50 мың теңгеге дейін барады.

Айта кетейік, Димаштың “Арнау” атты концерті 29 маусым күні “Астана арена” стадионында өтеді. Құдайбергеновтің туған жеріндегі алғашқы ән кеші 2017 жылы елордада “Бастау” деген атпен өткен болатын.
Сондай-ақ, Димаш наурыздың 22-сі күні Мәскеуде жеке кешін өткізбекші.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close