InstaNewsЖаңалықтар

Азамат Сатыбалдының әйелі ауруханаға түсті!

Күні кеше Нұр-Сұлтан қаласының Жастар театрында"Фариза" спектаклі сахналануы керек еді. Алайда қойылым жоспарланған уақытта көрермен назарына ұсынылмаған, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі.

Көптің қошеметіне бөленген «Фариза» спектаклі 15-16 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының назарына ұсынылады деп жоспарланған еді. Алайда, қойылым тек 15-і «Жастар» театрында сахналанып, келесі күні  афишадан алынып тасталынған. Себебі, басты рөлді сомдайтын актриса Назгүл Карабалинаның денсаулығы сыр берген көрінеді. Бұл жағдайға байланысты идея авторы Айнұр Көпбасарова инстаграм желісінде халықтан кешірім сұрап, билет сатып алған жандарға қаражатын толығымен қайтарамыз деп арнайы пост жазды.

«Құрметті өнерсүйер қауым! «Фариза» спектаклін астаналықтар ұзақ күткен еді. Билеттер де бір апта бұрын сатылып кетті. Кеше көрермендер көптен күткен Фаризасымен сағынып қауышты. Ал бүгін…»Фариза» сахнаға шыға алмады. Басты рөлді сомдаған Фариза — Назгүл Карабалина аяқ астынан ауырып ауруханаға түсті. Бүгін «Фаризаны» көре алмаған театр сүйер қауымынан тағы кешірім сұрай отырып, дүйсенбі күні барлық билеттер құны сіздердің жеке шоттарыңызға қайтарылатынын хабарлаймын» — деді бас продюсер Айнұр Көпбасарова.

Бұл келеңсіз оқиғаға көрермендер де түсіністік танытып отыр. Желі қолданушылары актрисаға ізгі- тілектерін жазып, қойылымды асыға күтетіндерін айтты.

«Билет құны Назгүлдің денсаулығынан артық емес қой. Алладан амандығын сұрап отырмын. Жүрегі, жаны нәзік жан ғой. Тез сауығып кетсін. Бәрі де жақсы уайымдамаңыз. Назгүл ханымның тез сауығып кетуіне тілектеспіз!» — деді Көпбасарованың оқырмандары.

Айта кетейік,  «Фариза» қойылымы  алдымен Алматы қаласы Мұхтар Әуезов театрында сахналанып, мәскеуліктердің де назарына ұсынылған еді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close