Жаңалықтаржоғары

Димаш Құдайберген «Славян базары 2018» байқауында төрелік етеді

«Славян базары» Халықаралық байқауында жеңіске жетіп, жұртшылықты мойындатқан Димаш Құдайберген енді осы байқауда төрелік ететін болады.

Бұл жайлы әншінің өзі жеке парақшасында бөлісті.

«Бұл байқау менің өмірімде ойып тұрып өз орнын алған байқау. Бірнеше халықаралық байқаулардағы жеңістерім мен шет елдерде және Қазақстанда өткен сан түрлі телешоулар мен концерттердегі өнер көрсеткеннен кейін, мен өзімді алғаш рет дәл осы Беларуссияда жас әрі танымал әнші сезіндім. Бұл «Славян базары» байқауындағы жеңісімнен кейін еді. Маған өз елімнің мәдениетін әлемге танытуға мүмкіндік берумен қатар, үлкен эстрадаға жол ашқан осынау керемет байқау мен өресі биік мемлекетке деген сезімім ерекше.Осы жылы «Сляван базары» байқауында қонақ ретінде өнер көрсете отырып, әділқазы алқасының мүшесі де боламын. Көріскенше Белорусия!».

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close