Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Илья Ильин философия ғылымдарының докторы атанды

Илья Ильин ендігі жерде екі дүркін Олимпиада чемпионы ғана емес, философия ғылымдарының докторы. Спорт пен білім егіз деп түсінетін ауыр атлет қазақ спортының қара шаңырағынан осындай атақ алып шықты.


Лондон Олимпиадасынан кейін Спорт және туризм академиясының докторантурасына түскен екі дүркін Олимпиада чемпионы 2 жылдық білімінің нәтижесін көрсетті.

«Жоғары білікті ауыр атлеттерді даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын 2 сағатта сәтті қорғап шықты. Ғылыми жетекшісі Болгариядағы «Васил Левски» атындағы академияның профессоры Станислав Хаустовтың айтуынша, Ильиннен болашақта мықты маман шығады.

Илья журналистерге берген сұхбатында келешекке жасалған жоспарларымен де бөлісті. Ол көздеген мақсаттарын еңсергеннен кейін спорттағы кәсібін 32 жасында тоқтатпақ ниетте. Бірақ ізденіс жолын жалғастыра бермек. Менеджер ретінде білімі мен білігін байқап көрмек.

Илья Ильин, 2 дүркін Олимпиада чемпионы

-Адам бүгінді ғана емес болашақты да ойлауы тиіс. Сондықтан қай кезде болмасын білім керек. Доктор атандым екен деп мұнымен тоқтап қалғым келмейді. Алдағы уақыттары басқа да жоғары оқу орнына құжат тапсыру жоспарымда бар.

Дереккөз: http://khabar.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close