InstaNewsЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

«Жеңіл жүрісті қыздарға ұқсап қалыпсыз!» Мадина Сәдуақасованың су жаңа суреттері сынға ілікті.

Мадина Сәдуақасованың желіге жариялаған жартылай жалаңаш суреттері оқырмандар арасында тағы да қызу талқыға түсті деп хабарлайды ShowNews.kz тілшісі.

Өнер иесі өзінің instagram парақшасында жақында өткен фотосессиясынан су жаңа суреттерді жүктеген. Біресе иығын көрсетіп, енді бірде тым тырысқан көйлекпен түскен әнші көпшіліктің назарын аударды. Оқырмандарының басым бөлігі отбасылы әйелге мұндай образдың жат екенін жазса, ерлер қауымы керісінше Мадинаны қолдап әлек. Олардың қатарында өнердегі інілері Қайрат Нұртас пен Ернар Айдар да бар.

Қайрат пост астына қып-қызыл лүпілін қалдырса, Ернар: «Бүгін ерекшеден де ерекшесіз»- деп жазған.

Ал, әншінің бұл әрекеті әлеуметтік желідегі қыз-келіншектердің қытығына тиіп, ашуын туғызған.


«Мадина, ұят жоқ екен! Сенің ісің өте ерсі, атыңа да, жасыңа да сай емес «, «Жеңіл жүрісті қыздарға ұқсап қалыпсыз», «Қазақы болмыстан күннен-күнге айырылып барасыз, не әсер етіп жүр?»,
«Кәмшатқа еліктемеңізші, бұл бейне сіздікі емес», «Хайп қуып не керегі бар, модель емес әншісіз ғой! «- деп жазды оқырмандары.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button
Close