Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Баян Алагөзова мен Балжан Бидаштың қарым-қатынасы бұзылғаны рас па?

КешYou тобынан кеткен Балжан Бидаш танымалдылығын арттыруда хайп қадамға бармақ. Әнші кезекті бейнебаянының желісінде жалаңаш образымен жұрт назарын аудартпақ ниетте, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

КешYou тобының экс-солисі Балжан жыл басында жеке шығармашылыққа бет бұрған еді. Дебюттық бейнебаяны – «Жалғызым!»
Жұмысқа қарқынды кіріскен Бидаш дәл қазір екінші клипін таспалауда. Қыздар ұжымында қызмет еткен тұста образ, қаражат, бейнебаян желісін жіті қадағалауында ұстайтын Баян Алагөзова еді. Қазір барлығына өзі жауапты.Топтан кеткен бұрымды тіпті продюсерімен қарым-қатынасын үзген сыңайлы.
«Сөздің шыны керек дәл қазір сол кездегідей қарым-қатынаста емеспіз. Өйткені ол кісілер өз жолдарымен кетті. Біз өз жолымызбен кеттік»,-дейді Балжан.
Балжанның су жаңа туындысында түрлі образ, бірнеше локация таңдалған. Бұл бейнебаян желісінің бір бөлігі ваннада өрбиді.
«Менің ойымша ваннадағы көрініс өте ерекше болайын деп тұр. Бейнабаянның желісінде ваннада шешініп түсемін. Дәл осындай сюжет барлығында бар ғой. Ваннада кім түспеді? Фотосесия жасады, клип те түсірді»,-дейді Бидаш.
Иә, ваннадағы көріністі алғашқыда Ninety One тобы трендке айналдырған еді. 91-дің серілерінен соң Ернар Айдар, «CRYSTALS», Мирас Жүгінісов, тіпті Луина да дәл осы сюжетті таңдап, бейнебаян түсірді.
Балжан жеке шығармашылығына жол ашқалы өз бағытын таба алмай әлек. Бірінші клипі батыстың стилінде болса, бұл жолы той тақырыбында. Соған қарағанда халықтың қазынасы арқылы қалтасын қалыңдатқысы келетін сияқты.
«Бұл бейнебаянымды тойға қадам деп айтсақта болады. Оны жасырып қайтейін. Үлкен аға, апаларымыздың өзі тойға барып табыс тауып жүр ғой. Неге бізде көп ақша таппасқа. Бізде жұмыс істеуіміз керек қой», — деді әнші.
Таяуда тұсаукесер! Әннің аты «Бақытты күй».Тың туынды бір айдың көлемінде көпшілік назарына ұсынылады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close