ЖаңалықтарӘнші

Желіні шулатқан корей қыз кім?

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде кәріс қызының биі көпшілікті шулатып, жігіттер болса осы аруға ғашық болуда. Корей қызы әлеуметтік желілердің нағыз жұлдызына айналды. Бұл арудың есімі — Хон Джин Ён. 

Джин Ён — Кореядағы танымал әнші әрі жас актрисаның бірі. Алғаш сахнаға 2007 жылы шыққан екен. Қазіргі таңда репертуарында бірнеше әндері мен бейнебаяндары бар.

Әнші — Music K Entertainment атты продюсерлік орталығының жұлдызы. Хон Джин Ёнды «Менің кішкене телевидением», «Бөлмедегі көрші-2» телехикаяларынан да көре аласыздар. Сондай-ақ «Жас жұбайлар» шоуында танымал актер Нам Гун Минмен бірге жас-жұбайлар болып, жобаға қатысқан болатын. Әншінің инстаграм желісінде 933 мыңдай оқырманы бар.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

  1. Джин Ен Жанымммм менын онниым. Биы 1жылдан сон атакты болса да куаныштымын. Ан шыкканына 1ж болды. Ал Қазақстанға осы Джин Ен аркылы ан де, би де атакты болып жатыр))))

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close