InstaNewsЖаңалықтар

Торғайлық ақын Саят Әбенов өзін айыптаған экс-әйеліне жауап берді

Күні кеше торғайлық ақын Саят Әбеновке қатысты дау шыққан еді. Санаулы сағаттан соң өнер иесі өзінің өткен өміріндегі қаңқу сөзге нүкте қойды, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Қайрат Нұртастың орындауындағы «Жүрегіңнен бір орын бер», Альбина Шардарованың репертуарындағы «Жүрегімнің иесі» атты хиттердің авторы Саят Әбеновтың экс-әйелі отандық бағдарламалардың бірінде ақынға шағымданған. Айтуынша, Саят әйелі мен баласын тастап, алиментті толық төлемеген. Ал, торғайлық ақын инстрагам парақшасына «Өткен өмір…» атты пост салып, бар жайтты түсіндірді. «Бақытсыз неке» деген туындымды оқыған кісілер түсінген шығар? Студенттік шағымда махаббатыма ерік беріп, қызбен жүрдім. Кейіннен ұрысып, қайта қауыштық. Арада екі апта өткен соң «жүктімін» деген хабар айтты. Ол кезде отбасы құруға сенімсізбін, бас тартсам, анасы арызын дайындап отыр. Содан жүрек қаламаса да, жұртқа күлкі болмайық деп үйлену тойын жасадық. Уақыт өте дүниеге ұл келді. Сәбилі болғаныма қатты қуандым. Бірақ бұл қуанышымыз ұзаққа созылмады. Бір күні оқуда жүріп уйге хабарлассам «екеуі кетіп қалды» дейді анашым. Неке сақинасын өткізіп, өзінің ауылына жол тартқан.(Ол кезде жағдайымыз өте нашар, жалдамалы лашық үйде тұрамыз.) Жағдайымыздың төмендігінен кеткен шығар деп ой түйдім. Хабарлассам көтермейді, тым болмаса ұлыммен сөйлестір десем де көнбеді. Бауыр басып қалған да қиын. Ақыры үмітім үзіліп, оралмасына көзім жетті. Басқа өмір жолын бастап, мен де өз жолыммен кеттім. Жеке өмірім тастап кетсе де, өнерім тастаған жоқ. Алланың берген бағы — ақындығым жаныма серік болды. Біраз жыл өтіп, атым шыға бастағанда әйелім хабарласты. Ол кезде басқамен тұрмыс құрған екен, бірақ күйеуі жол апатынан көз жұмыпты. Содан бір баласы бар, екі баламен қиналып кеткен соң алиментке арыз беріпті. Әрине, ұлым үшін төлеуге дайын болдым. Ұлымыз талма ауруымен ауырғандықтан, одан тыс көмегімді көрсеттім. Барлық чектер сақтаулы. Бірақ соған көңілі толмай, одан артық ақша алғысы келеді, үйім жоқ деп күйінеді. Шынын айтсам, өз басымда үй жоқ, қалай алып беремін? «Егер жағдайым жақсарып жатса, алып беремін» дедім. Жақын күндері болған кешімді естіп, одан сайын күшейіп кетті. Кеш жасау оңай деп ойлаған шығар. «Көбірек ақша бермесең, кешіңе келіп, масқараңды шығарамын!» — деп сес көрсетті. Ақыры эфирлерге қатысып, сыртымнан жала жауып үлгеріпті. Жарар енді, ақ-қарамыз тек Аллаға ғана аян.» — деп ақын іштегі мұңымен бөлісті.

Осы пост жарияланғаннан кейін оқырмандардың көпшілігі ақынға қолдау көрсетіп, бұрынғы келіншегін кінәләуда.

«Кінә ешқашан бір адамнан болмайды. Саятты енді іздеп, даулап жатыр ма? Осыған дейін қайда болды? Не істеп жүрді? Саят кішкене көтеріліп, бағы жанып жатқан кезде, бұл әйелдің есі кіріп, пайда болып, осылай сайрап отқаны қалай? Эх, өмір ақша үшін не істетпейді? Дауласып, жылап, бүкіл елге шығып, көзіңнің жасын сыққаның кімге пайда?»
«Бүгін бірден эфирге шығыпты бұл әйелі. Біржақты шешім қабылдауға болмайды. Керемет әйел болса, жоқшылықта да Саяттың жанында болар еді. Мен Саятқа сенемін.»- дейді қолдау көрсеткен оқырмандар.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close