ЖаңалықтарКино & Театр

Ақпан айында кинотеатрлардан көрсетілетін отандық фильмдер тізімі

Осы айда бірнеше қызықты фильмдер Қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілмек. Шетелдік және отандық фильмдердің тұсаукесері осы айда жарыққа шығады. «Жұлдыздар Әлемі» назарларыңызға ақпан айында көрсетілетін фильмдердің тізімін жариялайды.

«Анамды іздеймін»

Осы айдың 9-шы жұлдызы күні Қазақстан, Қырғызстан және АҚШ елдері бірігіп түсірген қырғыз режиссері Руслан Акунның «Анамды іздеймін» фильмі. Басты рөлдерде: Тәуекел Мүсілім, Азамат Ұланов және Майкл Мапонго.

Фильмнің сипаттамасы: Азамат кішкентай кезінде шет елге ұшып кеткен анасын, есіне түсіре алмайды. Арманы анасын табу, Азамат Голливудтқа келген бойда, оның өмірінде адам сенгісіз таңғажайып оқиғалар күтіп тұрады.

https://youtu.be/QldSrxHIwOE

«Келін де адам»

Фильмнің режиссері Асқар Ұзабаев болса, фильмнің продюсері әрі басты рөлді сомдайтын Әсел Сәдуақасова, сондай-ақ фильмде Данагүл Темірсұлтанова, Данияр Алшынов, Әбунасыр Серіков және жас актриса Әмина Малгаждар ойнайды.

Алғашқыда Данагүл Темірсұлтанова Сәдуақасованың енесі болса, фильмнің ортасында ене мен келіннің жаны мен тәні ауысып кетеді. Режиссердің айтуы бойынша мұндай кино Қазақстанда әлі болмаған.

Фильм 23-ші ақпаннан бастап барлық кинотеатрларда.

«Мен сені сүйем Ақерке»

Фильмнің режиссерлері: Нәзия Назарбек және Мейірім Арғымбаева. Фильм шынайы оқиғаға негізделген, режиссердің айтуы бойынша туынды достарының басынан өткен әсерлі оқиға.

Басты рөлдерде: Айсаным Қастеева мен Нұрлан Наурызбаев.

Фильм 1-ші ақпаннан бастап барлық кинотеатрларда.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Сүйем сені, Ақерке! Көркем филімінің Режиссерлері Нәзия Назарбек және Мейірім Арғымбаева, дұрыстап жазуыңызды сұраймын. Пікір білдірген фильмнің атқарушы продюсері Абылай Ибрайұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close