Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнес

Ашаның ағасы інісінің үйленгеніне неге қарсы?

Жақында ғана келінді болған Ашаның ағасы алғашқыда інісінің үйленуіне қарсы болған, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Таяуда ғана келінді болған Ашаның отбасында тағы бір сүрбойдақ бар. 30-дан асса да Айдар шаңырақ көтеруге асықпайды. Асқарбековтар әулетінде ағасынан гөрі інісі пысық. Асылжан шаңырақ көтеріп, үйдің үлкенінің алдын орап кетті. Әуелде Айдарға жеке өміріндегі жаңалығын жеткізгісі келсе де жүрексінген. Бірақ, санаулы күннен соң бөлісуге бел буған. Сұхбат барысында Айдар, інісінің үйленуге рұқсат сұраған сәтін есіне алды.

   «Бір күні маған: «Аға, мен сізбен сөйлесейін деп едім, осылай бір қызды кездестірдім», — деді. Өзі айта алмай ұялып тұр. Жаным ашып кетті. Бірақ, міз бақпай тұра бердім. Иә, әрі қарай не?- десем, «үйленемін деген ойымыз бар», — деп төмен қарады»
Дәл осы сөзді естіген сәтте Айдар, інісін тығырыққа тірегісі келген. Қулыққа көшкен ағасы, бірден астарлы әзілмен Асылжанның бетін қайтарады.
«Артымнан ерген жалғыз інім болған соң, кішкене қалжындағым келді. «Сен неге менің алдыма шығасын?»- дедім. Маған қарап түрі бұзылып кеткен. Қап-қара түрден түр жоқ. «Менен бұрын үйленбейсің! Бірінші мен шаңырақ көтеремін, сосын сенің кезегің десем, көңіл-күйі түсіп кетті. Сосын қалжыңдап, арқасынан қағып, «бауырым, әрине, мен сен үшін қуаныштымын. Үйленгің келсе қолдаймыз» — деген едім, бірден көзіне жас келіп, қуанып, сондай бір қызық болған», — дейді Айдар.


Ширақтығымен көзге түскен тек Асылжан емес. Бұл тізімде Сейітметова да бар. Жақында ғана тұрмысқа шыққан Айым да алдымен әпкесінің алдынан өткен.
«Анам мен әкем, отбасымызда мені бірінші тұрмысқа шығып, жол ашып кетеді, деген ойда болған. Бұл қуанышты хабарды естігенде, әпкем Айша да мүлдем өзінің наразылығын білдірген жоқ», — дейді Айым Сейтметова.
Айтпақшы, Роза Рымбаеваның қос ұлы да отандық шоу-бизнестегі бойдақтар санатында. Бірақ, үйдің кенжесі Мәдидің ұстанымы басқа. Жасы жетіп тұрса да әнші ағасының шаңырақ көтеретін күнін күтіп жүр.
«Маған әлі ерте. Оқуым бар. Қазір бар болғаны екінші курс студентімін. Оның үсітне менің алдымда ағам бар», — деді Мәди Рымбаев.
Сондай-ақ, бұл тізімде ағайынды Төлеповтар да бар! Асылхан Артурдан ерте отау құрып, ағасынан бұрын әке атанды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close