Басты жаңалықтарЖаңалықтарЖаһан жұлдыздарыМузыкаШоу бизнесӘнші

Әли Оқапов: «Роза Рымбаеваның келіні болу, көп адамның қолынан келе бермейді!»

Әли ел күтпеген мәлімдеме жасады. Жұлдызды жанұяның босағасын аттауға бұрымдылар неге жүрексініп жүр? Ал, Роза Рымбаева болашақ келініне қандай талап қоймақ? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі хабарлайды.

Роза Рымбаева қолын ұзартар келінін көптен бері күтіп жүр. Алайда анасынын ақ тілегін орындауға Оқапов асығар емес. Бірақ күні кеше көпшіліккке жақында үйленемін деп жар салған Әли, сүрбойдақтар сапында жүруден шаршаған. Осыған орай ол болашақ жарына қояр талаптардың тізімін де тарқатып берді.

«Роза Рымбаеваның келіні, Әли Оқаповтың әйелі болу, жалпы әртіспен жанұялы болу — ол көп адамның қолынан келе бермейді. Ақыл, шыдамдылық, қолдау керек. Әртістің өмірі оңай емес. Сондықтан оны түсіне білетін, саған сене білетін адам табу, біз үшін алтынмен тең», — дейді әнші.

Жұлдызды ананың қос ұлы үнемі қыздар қауымының қызығушылығында. Ержеткен Әли мен Мәдидің жар таңдауда жаңылыспауына, Рымбаева да жол нұсқап отыратын көрінеді. Ал, халық әртісінің қалауындағы келін қандай болу керек?

«Тәрбиелі, мәдениетті, білімді, ақылды қыз болса, мен қалай қабылдамаймын?! Ең бірінші ақылды болу керек», — дейді Роза Қуанышқызы.

Роза ханымның келешек келініне қояр талабы айтарлықтай жоғары емес. Әли үйленуге әзірмін деген күні дүбірлі той өткізуге тас-түйін дайын.

«Анамның айтары бір болды. Дайын болсаң, сені ертең-ақ үйлендірейін дегендей. Қалауым дұрыс болса, біз үшін той жасау қиын емес. Үйлену оңай, үй болу қиын», — дейді Әли.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close