Жаңалықтар

Әйелінің аяғын сүйген отандық блогер енді ваннада түскен суретін көрсетті (фото)

Ержан Рашев Instagram парақшасына әйелімен ваннада жалаңаш күйде түскен суретін жүктеп, елдің наразылығын тудырды. Отандық танымал блогер сүйіктісімен бірге ашық фото жасағаны үшін желі оқырмандарынан оңбай сөз естіді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық блогер әйелімен ваннада шомылып жатқанын суретке түсіріп алғаны үшін жұрттың ашуын тудырды.

Көпшілік ерлі-зайыптылардың жалаңаш кейіптегі фотосын аяусыз сынап тастаған.

Олар Ержан Рашевқа парақшасын кішкентай балалар да қарайтынын есіне салыпты.

«Соңғы кездері деңгейіңіздің төмендігін байқатып жүрсіз» , «Бұрында қызықты посттар көп еді. Енді жалаңаш әйеліңізден басқа түк жоқ» , «Өз жарыңызды мына күйде жұртқа көрсеткеніңіз тым ұят» , «Бақытты болсаң, айқайлап айтудың қажеті жоқ. Ваннадағы суретті жүктеп тым артық» , — деп жазуда желідегілер.

Айта кетейік, Ержан Рашев бұған дейін де өзінің суреттерінің арқасында елді шулатқан еді. Оның әйелінің аяғын сүйіп тұрған фотосы да оқырмандар қаһарын туғызған.

Сонымен қатар, желі қолданушылары отандық блогерді жарына шай құйып бергені үшін сөгіп тастаған болатын.

Загрузка...


Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close