ЖаңалықтарМузыкаСұхбаттарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Бесбаев бәсекелес пе?

Бесбаев – кеңесші, Майғазиев – проректор! Музарттықтардың жаппай жаңа қызметке тағайындалуы өзара бәсекелестік пе, әлде сәйкестік пе? Мемлекеттік мансапқа бет бұрған Бесбаевтың жұрттан жасырған тағы қандай жұмысы бар? Әріптестер арасында белең алған бұл үрдістің сыры ашылды деп, хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

«Музарттықтар» бір топта ән салғанымен, олардың ұжымнан тыс жұмыстары да ұқсас. Мәселен, Мейрамбек жұлдыздар арасындағы жекпе-жектің модераторы атанса, Сәкен вокалдық додаға төрелік етті.  Майғазиев өнер академиясының проректоры қызметіне бекітілсе, Бесбаев Алматы әкімінің мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі ретінде тағайындалды. Бұл әріптестер арасындағы бәсекелестік пе, әлде сәйкестік пе?

«Жоқ-жоқ, Алла сақтасын! Керісінше, Мейрамбек екеуміз бір-бірімізге тілекшіміз. Бір-біріміздің жақсылығымызға қуана білеміз. Оған мен Аллаға шүкір етемін», — дейді Майғазиев.

Сәкен бұл сұхбатта сахнадағы серігі жайлы тағы бір сырды ақтарды. Майғазиев өткен жылдың желтосқанында жаңа қызметке тағайындалған сәтте, Мейрамбекті де жанына тартқан.

«Асхат Максимұлы өнер академиясының ректоры боп тұрған кезде кеңесші ретінде маған Мейрамбекті шақырыңыз деп айтқан. Оған Мейрамбек өзі бас тартқан болатын. Сондықтан, ол жағынан біз бір-бірімізге бәсекелес емеспіз», — дейді Сәкен.

«Музарттықтар» мемлекеттік қызметті де, жеке әншілікпен бірге топтың да тізгінін берік ұстаған. Алайда, ел ағаларына айналған әншілердің ізін басқан бүгінгі бойзбендтер  арасында ауызбіршіліктің азайғаны байқалады. Соның бірі – Алашұлы. Бұл құрамда осымен екінші мәрте өзгеріс.

«Топтан кеттім. Сондықтан, күнде біргеміз деп айтпай-ақ қояйын. Бірақ отбасылық қуаныштарды, мерекелік кештерде бірге боламыз. Бір- бірімізді шақырып тұрамыз. Дегенмен, күнделікті байланыста емеспіз, олардың өздерінің шығармашылықтары бар, менің жеке шығармашылығым бар дегендей», — дейді «Алашұлы» тобының экс-әншісі Әзімбек.

Биыл Rin’Go тобының белді мүшесі Батыр да өзінің топтан кететінін дүйім жұрттың алдында жариялап, тыңдарманын таңғалдырған еді. Әйтсе де, жігіттер сыйластықтарын сақтай білген.

«Батыр біздің RinGo орталығында Renzo тобының музыкалық продюсері.  Сондықтан, оны аптасына 3-4 рет көреміз. Ол сахнадан кетсе де, өмірде біз біргеміз», — дейді RinGo тобының әншісі Әділжан Омаров.

Отандық шоу-бизнесте жігіттерден құралған топтардың тарауы жиілеген.  Ал, «Музарт» ұжымы тұрақсыздық белең алған отандық бойзбендтерге қай жағынан болсын үлгі.

«Бір-бірімізді көре алмайтын болсақ,  «МузАрт» тобы 20 жылға қадам баспаған болар еді», — деп сөзін түйіндеді Сәкен Майғазиев.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close