InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрМузыкаПродюсерСұхбаттарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

«Неге тірі жетім етесіңдер?» Ұлымен түскен суретін желіге жүктеген Айқынның басы дауға қалды!

Айқын тұңғыш ұлын фильмге түсіріп, жұлдызын жағуды көздеген бе? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Кейінгі кезде шоу-бизнес өкілдері балаларын да танымалдылыққа тартып жүр. Мәселен,  Айқын Төлепберген  күні кеше үлкен ұлын продюсер Құралай Анарбекованың «Тойхана» атты картинасында түсірген. Бұл жайында әнші әке желіде жариялады.

«Әкесі мен баласы «Тойхана» деген киноға түсті», -деп жазды Айқын.

Мұны көрген Айқынның оқырмандары жағымсыз пікірлермен қатар жылы лебіздерін жарыса жазды.

«Көздерін жәутеңдетіп, неге тірі жетім етесіңдер?», «Екі әйеліңнің ортасында миың ашып кететін шығар», «Сенің киноға түскеніңнен қорқатын болдық. Кино, кино деп әйел аласың», — деп әншінің қытығына тисе, кейбір оқырмандар «Сәтті болсын, тек биіктен көрінсін! Бақытты бол, балапан!» — деп Аңсарға ақ тілегін арнаған.

Айта кетейік, Төлепбергеннің ұлы жан-жақты. Ол өнерден бөлек спортты да жанына серік еткен. Ал, кіші ұлы Санжар әлеуметтік желіде белсенді сәбилердің қатарында. Оның инстаграм парақшасында 30 мыңға жуық оқырманы бар.  Қызы Асылым да өнерден құр алақан емес. Ән айтып, би билегенді жақсы көреді.

Десе де, әнші балаларының болашағына бей-жай қарамайтынын, қос некесінен туған балаларының кестесі тым тығыз екенін  Shownews.kz тілшісіне берген сұхбаттарында жиі айтып жүр.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close