InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаСұхбаттарШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

Абайлаңыз, алаяқ! Еспанов өзін айыптаған тележурналистке жауап берді

Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталына берген сұқбатында Нұрлан Еспанов ашып айтты.

Өнер иелерінің ұнамсыз ісін әшкерелеп, үнемі өз пікірін өткір білдіруден тартынбайтын танымал тележурналист Арман Сқабылды, кейінгі кездері жұлдыздар арасында ұтыс ойындары мен  байқау өткізудің белең алуы ашуландырып жүр. Осы мәселеге қатысты журналистің әлеуметтік желіде жарияланған соңғы жазбасы, қоғамда қызу талқыға түсіп үлгерді. Бұл жолы БАҚ өкіліне Нұрлан Еспановтың әрекеті жақпай қалған.

«Абайлаңыз! Алаяқ-лотерея!» Ашқұрсақ халықты алдау оңай. Елдің тұрмыс-тіршілігі төмендеген сайын «аңқау елге арамза молда» көбейе ме деймін. Қазір әлеуметтік желіде лотерея ойнату деген бәле қатты белең алды. «10000 теңгеге билет алсаң автомобиль ұтасың, 2 бөлмелі пәтердің кілтін ұстатамыз» деген жарнамадан көз сүрінеді. Еспанов деген әнші, тіпті, 20 көлікті ұтысқа қойыпты. Жалпы құны 61 миллион теңге. Бұл не деген батпан құйрық?!

Жұлдыздардың жаппай жүргізіп жүрген лотерея мен байқауларына нүкте қою керектігін ашып айтқан журналист, әншінің бұл әрекеті заңсыз екенін алға тартқан.

«Біздің білуімізше, Қазақстанда лотерея ойнатуға жалғыз ғана оператор компанияның қақысы бар.  Мемлекет соған ғана лицензия, рұқсат берген. Қалғандарыныкі заңсыз. Халықты алдау. Заңды белден басу. Заңды бұзғандар онда неге жазаланбайды? Салық төлемей миллиондарды қалтаға басқандарға тиісті органдар неге көз жұмады? Бұл сауалдардың жауабын бүгін Парламанттегі дереккөзден алдық. Алаяқтар, абайлаңыздар! Енді «Лотерея қызметі туралы заң»-ға  толықтырулар еңгізілген соң «лотерея-лохотроннан» пайда тапқыш Еспанов және сол секілділер мемлекетке 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (500 000 теңге) айыппұл төлейді. Ұтысы тәркіленеді. Оған көнбей халықты алдауды жалғастыра берсе жазасы тіпті ауырлайды. Ал, аңқау халқыма  ендігі қалғаны «Еспановтар» еді», — деп ашық пост жариялаған Арман Сқабыл. 

Танымал тележурналистің желідегі постын Еспанов та ескерусіз қалдырмады. Бұған қатысты Нұрлан өзін айыптаған Арман Сқабылға <a href=»https://shownews.kz«>Shownews.kz</a>  тілшісіне берген сұхбатында жауап берді.

«Біздікі алаяқтық емес. Барлық қаржыны қайырымдылыққа жұмсаймыз. Осы жазған адамдардың өзі қайырымдылық жасап жатыр ма екен? «Ит үреді, керуен көшеді». Қайтеміз, жазса жаза берсін!», — деп Еспанов қысқа қайырды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close