Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнес

Тәуекел Мүсілім жарымен заңды түрде некелесті

Тәуекел Мүсілім жары Махаббатпен заңды түрде ерлі-зайыпты атанды деп хабарлайды Shownews.kz ақпарттық порталы.

Тәуекел Мүсілім өткен жылы қостанайлық Тұқтыбаева Махаббат есімді арумен көңіл жарастырып, мұсылмандық жолмен неке қию рәсімін өткізген болатын. Сол сәтте жас жұбайлардың мешіт имамымен түскен сурет желіде лезде тарап үлгерген еді. Осылайша отандық шоу-бизнестің сымбатты серісі бойдақтықпен қош айтысып, қазақы дәстүрмен қалыңдығына сырға салып, анасының қолын ұзартқан.

Күні кеше Тәуекел анасы және жұбайымен Қазақстан Республикасының неке туралы куәлігін алған сәттен әлеуметтік желіге сурет жүктеп, жазба жариялаған.

«Алланың алдында, ҚР алдында ерлі-зайыпты болдық. Әлхамдуллилах!» P.S. «Уайымдамаңыздар, үйлену тойымыз жазда болады. Алла бұйырса!», — деді өнер иесі. 

Тәуекелдің бұл қуанышына оқырмандары жүрекжарды тілектерін жарыса  жазса, Ерғали Әбдірайымов, Арман Қоңырбаев, Төреғали Төреәлі, Кенжебек Жанәбілов, Жазира Байырбекова, «KeshYou» тобы сынды өнердегі әріптестері де бей-жай қарамай, жастарға бақыт тіледі.

Бүгінде Тәуекелдің жары да Instagram желісінің белсенді қолданушысы. Атаулы күнге орай өнер иесінің келіншегі де жеке парақшасында пост жазды.

«Біз бүгін заңды некеге тұрдық. Енді мен Махаббат Мүсіліммін», — деді ару.

Айта кетейік, Махаббат Тәуекелден жеті жас кіші. Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде тәлім алған ару, бүгінде интернатураның 7 курсына аяқ басқан. Оқу қабырғасында білім ала жүріп, түрлі конкурстарға қатысып үлгерген бикеш, «Қарағанды аруы» атағының иегері.  Жас жұбайлар Алматыда өткізілген кастингтердің бірінде танысыпты.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close