ЖаңалықтарШоу бизнес

Қазнетте қызу талқыға түскен «Қатыным» әні «Алашұлы» тобының арасын ажыратты!

«Алашұлы» тобының жігіттері арасындағы алауыздыққа бір ғана ән себеп болған көрінеді. Аталмыш ұжымның экс-әншісі Әзімбек «Қатыным» атты туындыны жарыққа шығарған сәтте, этно-трионың әншілерінің өзара қарым-қатынасы бұзылған деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

«Алашұлы» ұжымының жігіттері кәсіби сахнадағы алғашқы қадамын патриоттық әндермен бастаса, жеке шығармашылықта тойға арналған туындыларды дәріптеуге көшкен. Мәселен, таяуда ғана топтан кеткен Әзімбектің бағыты сөзіміздің айқын дәлелі. Алайда, аталған этно-жобаның жетекшісі Назгүл Қарабалина, шәкіртінің таңдаған жолын жеңіл-желпі жұмысқа балайды.

«Тойға ән жазу үшін меніңше бір тәулік жететін сияқты. Тойға қажетті әнді жазу үшін. Оған мидың да қажеті жоқ», — дейді «Алашұлы» тобының продюсері Назгүл Қарабалина.

Бұрынғы басшысының бұл пікірімен «Алашұлы» тобының экс-әншісі келісе қоймайтынын ашып айтты.

«Қазір Қазақстанда шоу-бизнес тоймен қарқындап тұр. Сол той арқылы бейнебаян түсіреміз, аранжировканы да жасаймыз. Әйтпесе, әй дейтін біздің демеушіміз де, көкеміз де жоқ», — дейді «Алашұлы» тобының экс-әншісі.

«Алашұлының» бұрынғы мүшесі темірді қызған кезде соғуды құп көрген секілді. Әзімбек топтан тыс «Қатыным» деп аталатын туындыға клип түсірген. Байлинның бұл қадамы ұжымдағы өзге өнерпаздарға ұнай қоймаса керек…

«Жалпы «Алашұлы» осы уақытқа дейін ән ұрлап көрген жоқпыз. Әзімбекке бұл қалай болар екен деп, басынан ойымызды айттық. «Алашұлы», «Батырлар ұраны» деп жүргенде, қалай болар екен деген әңгіме қозғалды», — дейді топ әншісі Мақсат Рахмет.

Дәл осындай әңгімеден кейін өнерпаздар өзара түсінісе алмаған. Әріптестерінің сөзін құлағына да ілмеген Әзімбектің әрекетін енді этно ұжымдағы әншілер әшкерелеуге әзір. «Қатыным» әні плагиат болып шықты.

«Ән ұрлап көрмегенбіз деп жаңа айттым ғой. Әні өзбектікі, ритм өзбектікі. Түсінікті халық тойда билегісі келеді», — дейді «Алашұлы» тобы.

Бұл сөзге Әзімбектің де жауабы лезде табылды!

«Осындай бір жылдам әндер жазған кезде тойға шақырып жатады. Билеуге ыңғайлырақ! Енді Әзімбек топтан кетті, «тойдың әншісі» деген түсінік қалыптаспау керек», — дейді Әзімбек.  

Бүгінде Байлин жеке шығармашылығын шыңдауға кіріссе, «Алашұлы» жаңа құраммен таспаланған тың туындының тұсауын кесіп үлгерді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close