КлиптерЭксклюзив

«Kesh you» қыздары хайптың жаңа түрін ойлап тапты

Бір ай бұрын жаңа құрамы жарыққа шыққан танымал топ «Ұят емес» әніне бейнебаян түсіріп, дебют жасаған болатын.


Қыздарға көрермен назары жетіспеді ме, әлде айтқысы келген ойын жеткізе алмадық деп қорықты ма күні кеше дәл осы әнге түсірілген келесі бейнебаян желіге жүктелді.

Қызығы сол, талғампаз тыңдармандар топтың алдыңғы туындысына қарағанда осы клип жақсырақ болды деп баға беруде. «Біз тарихта қалатын топ боламыз, продюсерлер сенімін ақтап, ұятқа қалдырмауға тырысамыз» деп сұхбат берген арулар әр әнге екі клип түсіріп шығынданатын болса, расымен тарихта қалуы ғажап емес. Қыздар, бейнебаян арқылы біз күнделікті өмірде ұят санайтын әрекеттерден жасқанбауға үндейді. Керісінше, шынымен орны толмайтын ұят істердің бетін ашады. Қос клипті салыстырып қараған қалың көпшілік қыздардың ойын енді ұққандай. Қыздар тарапына қатысты қарша бораған сындардың осы жолы қарасы азайды. Есесіне, «Kesh you» тобы ойлап тапқан хайптың жаңа түрі жүзеге асты деуге болады.

Загрузка...
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close