Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Әлихан Бөкейханов жайында 20 дерек

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, қазақ халқына жанын берген Әлихан Бөкейхановтың биыл туғанына 150 жыл. Осы айтулы күнге орай Әлихан Бөкейханов жайында 20 дерек ұсынамыз!

  1. Әлихан Бөкейханов 1866 жылдың 5-ші наурызы күні Семей облысының Қарқаралы уезінде дүниеге келген.
  2. Аты тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы.
  3. Әлихан Бөкейханов атасы Мырзатай тәрбиелеп, өсірген.
  4. Ол алдымен жергілікті молданың қолына оқуға барады, кейін қазақ-орыс мектебіне оқуға түседі.
  5. 1886-1890 аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шығады.
  6. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды.
  7. Жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы Санкт-Петербургға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі.
  8. 1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды.
  9. 1905 жылы Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырып шығады.
  10. Әлихан Бөкейханов алғашқы кәсіби журналист. Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде,  Санкт-Петербургда жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.
  11. 1911-1914 жылдары«Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.
  12. Сүйікті жары — Елена Яковлевна. 1903 жылы Елизавета есімді қыздары, 1910 жылы Сергей есімді ұлдары дүниеге келеді.
  13. 1907 жылы Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.
  14. 1917 жылы желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланады.
  15. 1937 жылы та­мызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі.
  16. Ә.Н.Бөкейханов 1955 жылы 8 қыркүйекте толықтай ақталған. Бірақ КГБ осы жаңалықты халықтан 34 жыл бойы жасырып келді.
  17. 1989 жылы қайта отырыс өтіп, Бөкейханов тағы да ақталады.
  18. Қазақ халқына жанын берген Әлихан Бөкейхановтың жатқан жері Мәскеу қаласында.
  19. Петр Бөкейханов есімді немересі бар, Петр Сергейұлы Мәскеу қаласында тұрады.
  20. 1992 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен ол туған ауылға Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.

Ақпараттар semeylib.kz kk.wikipedia.org сайттарынан алынды!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close