Q-pop

Ninety One тобының тойы қашан? Атышулы ұжымның жігіттері жеке өміріндегі жоспарларымен бөлісті!

Отандық шоу-бизнесте ең көп фанаттар армиясын жасақтап үлгерген Ninety One тобының әр қадамы тыңдармандарының жіті назарында. Shownews.kz тілшісіне сырын ақтарған жігіттер алдағы жоспарлары мен жетістікке жетудің құпиясымен бөлісті.

Ninety one отандық шоу бизнеске дүмпу әкелгелі  шаштарын түрлі түске бояп, сырға тағуға құмар жігіттердің саны күрт өскен. Жаңбырдан соң шыққан саңырауқұлақтай қаптаған музыкалық ұжымдардың мақсаты – тез танылу. Бірақ, жұмыс істеу барысында шалалық көп.

«Бізде ешқандай продюсер жоқ. Біз бес бала өзіміз яғни, жұмыс жасап, ақша  жинап, халыққа осылай өзіміздің өнерімізді ұсынған болатынбыз.  Сол себепті біз бесеуміздің образымызды өзіміз таңдадық», — дейді Divinе бойзбенді.

«Біз ондай кезеңнен өткенбіз. Топтағы балалардың барлығының шаштары қара болған толықтай. Енді образ ғой. Бәрі бір орында тұрмайды. Ол әрқашан өзгеріп тұру керек. Халықты жалықтырып жібермес үшін», — дейді 10iz тобы.

Образдың өзгеруі де оң нәтижесін беріп жатқан жоқ. Жанкүйерлерді қуанту үшін жаңа ән де жеткіліксіз.

«Әрдайым жаңа ән айтамыз. Сахнаға шыққан сайын бомба дүние ұсынамыз», — дейді EQ тобы

Десек те, образ өзгерді, ән  жазылды, бейнебаянда түсірілді. Алайда, 91 тобынан басқа q-pop өкілдерінің жұлдызы жанбай келеді.

Ал q-pop-тың іргетасын қалаған  Ninety One бестігінің тез танылудағы тәсілі тым басқа. Бойзбендтің басты қаруы – кәсіби  продюсерде болса керек!

«Біз продюсермен әрдайым сөйлесеміз.  Әр түрлі шешімге келеміз. Әркім  өзінің әр түрлі ойын айтады. Ой бөлісу болады. Сөйтіп әртүрлі ойларды ортаға қосып, бәрі жинақталып ортақ шешімге келеді. Сол ортақ шешім сыртта айтылмайды», — дейді Ninety One тобы

Атышулы команданың тағы бір құпиясы мемберлердің әр сөзін жіті қадағалаудан өткізетін топ менеджерінде.  Ninety One тобының шығармашылық жолында құрған жоспарлары шаш етекетен. Тіпті жігіттер отау құрар жасқа жетсе де үйленетін ойы жоқ.

«Жоқ, әзірге той болмайды. Әзірге ойда жоқ. Әзірге бойдақтық пен шығармашылықтың қызған шағы», — деп түйіндеді 91 тобы.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close