Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & Театр

Әсел Акбарова жаңа фильмде Баян Есентаеваны алмастырды

Қазақстандық танымал режиссер Асқар Ұзақбаевтың «Гламур для дур» фильмінің түсірілім жұмыстары басталар алдында ондағы бас кейіпкердің рөлін сомдайтын актриса ауысты. Бұл туралы Comode.kz сайты хабарлайды.

Фильм сюжеті бойынша, ауылды жерден шыққан бойжеткен қалаға кетіп, туыстарын ұмытқан туғанын іздеуге шығады. Қала өмірі Ұлжан үшін жаңа қарым-қатынас мектебі мен шым-шытырық оқиғаларға толы болды.

Биба есімді бизневуменді Баян Есентаева сомдауы тиіс болатын. Ал фильмнің түсірілімі 7 маусымда, продюсер Тбилисиден оралған соң басталуы тиіс еді. Алайда келісілген мерзімде актриса түсірілім алаңына келмеді. Сондықтан режиссер бұл рөлді сомдауды басқа актриса, отандық тележүргізуші Әсел Ақбароваға ұсынған.

Бірнеше жыл бойы «Хабар» арнасында жаңалықтар қызметінің жүргізушісі болған Ақбарова қазір аталған арнада «Біздің үй» ток-шоуын жүргізеді. Алайда ол актрисалық амплуамен де етене таныс. Тележүргізуші «Перекресток в Астане» және «Зауал» сериалдарында ойнаған. Дегенмен осы жолғы рөлі толықметражды фильмдегі дебюті болмақ.

Отандық телевизияның ең сұлу тележүргізушілерінің бірі болып мойындалған Әсел Ақбарова ұсыныстың кенеттен түскенін, дегенмен қатты қуанғанын жасырмайды.

«Баян Есентаевамен таныспын. Оның еңбегі мен кәсібилігін қатты бағалаймын. Алай оның және режиссердің шешіміне еш түсініктеме бере алмаймын», — деді ол. Ақбарова аталған рөл үшін көптен жоспарлаған демалысынан бас тартып, жұмысқа кірісетінін хабарлады.

Айта кетсек, Асқар Ұзақбаев толықметражды картинаны соңғы рет екі жыл бұрын түсірген болатын. Ал Баян Есентаевамен бірге ол «Коктейль для звезды», «Осторожно, корова!» картиналары мен  «Ғашык жүрек», «Тракторшының махаббаты «, «Махаббатым жүрегімде» сериалдарында бірге жұмыс істеген.

Дереккөз: Nur.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close