ЖаңалықтарКино & Театр

2016 жылы өмірден озған танымал тұлғалар

2016 жылы арамыздан белгілі актер, әнші, жазушы, қоғам, мемлекет қайраткерлеріне айналған аяулы жандар дүниеден өтті. Juldyz-alem.kz 2016 жылы өмірден өткен еліміздің және шетелдің танымал тұлғаларын назарларыңызға ұсынады!

 

Хабиба Елебекова

Қазақтың маңдайына біткен сахна саңлағы актриса, Қазақ ССРның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова қазан айында 100 жасында дүние салды. Елебекованың театр сахнасында сомдаған алғашқы рөлі — Қарагөз (Ж.Шаниннің “Арқалық батыр” спектаклінде). Актрисаның ойнаған рөлдерінің жалпы саны 100-ден асады.

Болат Сыздықов

Фото: Forbes.kz

Елімізге белгілі гитарист, композитор, «Мюзикола» тобының гитаристі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Сыздықов 60 жасқа қараған шағында 7-ші мамыр күні Алматы қаласында дүниеден өтті.

Абдусаттар Сманов

Фото: Youtube.com

Белгілі ғалым, исламтанушы, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Сарыағаш» медресесінің директоры Абдусаттар Сманов 50 жасында өмірден өтті. «Руханият»Халықаралық мұсылман университетінің Ғылыми кеңесі — теология профессоры — академиялық атағының иегері.

Меңтай Өтепбергенов

Фото: Brod.kz

Киноактер, Қазақстанның еңбек сіңріген артисі. 60-қа жуық фильмдер мен телехикаяларға түскен актер. Танымал актер 69 жасында Алматы қаласында дүниеден өтті.

Мұхаммед Әли

Фото: Michaeljfox.org

Ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен американдық кәсіби боксшы, филантроп және қоғам қайраткері. Спорт тарихындағы ең танымал тұлға, ең ұлы боксшы 74 жасында «Аризона» штатының «Финикс» қаласында дүние салды.

Ислам Каримов

Independent.co.uk

Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті, мемлекеттік қайраткер, Өзбекстан ғылым академиясының академигі , Өзбекстан Қаһарманы. Ол тәуелсіз мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйелерін қалыптастыруға, оның халықаралық қарым-қатынастарын орнықтыруға, ішкі тыныштық пен татулық ахуалын орнатуға көп үлес қосты. Өзбек елінің басшысы 2 қыркүйек күні 78 жасында өмірден өтті, президент Өзбекстанның «Самарқан» қаласында жерленді.

Пратюша Банерджи

Фото: Indiatoday.intoday.in

Қазақ көрерменіне  “Келін” телехикаясынан жақсы таныс Пратюша Банерджи сәуір айында өз-өзіне қол жұмсап, дүние салды. Актриса 20-ға жуық фильмдер мен телехикаяларға түсіп үлгерген, 10 шақты бәйгелердің жеңімпазы.

Наталья Крачковская

Uznayvse.ru

Танымал Ресей әрі Совет актрисасы, 100-ге жуық фильмдерге түскен бірігей актриса, Ресейдің еңбек сіңірген артисті. Актриса 3-ші наурыз күні 77 жасында аурухана дүние салды.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close