Жаңалықтар

Баян Мақсатқызы елді жаңа фотосессиясымен тамсандыруда

Денсаулығы қалпына келе бастаған Баян Есентаева экранға қайта оралды. Бұрынғы жобаларын қолға алып, екі бірдей телехикая түсіретінін мәлім етті. Одан бөлек, танымал продюсер түрлі басылымдарға сұхбат беріп, арнайы фотосессия жасатуда. Оның су жаңа суреттер топтамасы желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz.

есентаева000

Ұзақ уақыт бойы камерадан қашып, сыртқы келбеті туралы сөз қозғағандарға жауап беріп жүрген продюсер жуырда ғана бет-әлпетінің өзіне ұнай бастағанын айтқан еді.

 

14723638_1717590391892114_344333395045646336_n

Баян Мақсатқызы кезекті рет өзінің қайсар мінезімен, табандылығымен елді таңқалдырды. Продюсер басынан өткен қиыншылықтарға қарамастан бірнеше айдың ішінде денсаулығын да, сыртқы келбетін де қалпына келтіріп үлгерді.

Желі қолданушылары Баянның мінсіз дене сымбатына тәнті болып, жылы лебіздерін арнады.

15046767_1705101046485059_8281867471305048064_n

“Бұрынғыдан да әдемілене түсіпсіз”, “Жасарып кеткен сияқтысыз, өте әдемі”, “Жарайсыз, сіз өте мықты әйелсіз”, “Меніңше сізді Гинес рекордтар кітабына енгузі қажет. Ерекше әдемісіз”, – деп пікір білдірді олар.

Дереккөз: Baistars.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close