Басты жаңалықтарЖаңалықтар

«Ботадай боздап, қара жамылып, көзіңнен сораң ағып еді. Жылап болдың ба?»

Белгілі әнші Индира Расылхан Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «тақтан» кеткеніне жылап, видео түсірген еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Күні кеше Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатты. Бұл күтпеген шешімді естіген қазақстандықтар елбасыға деген қимыстық ниетін білдіріп, тіпті кейбірі көңілі босағанын айқан еді. Олардың арасында танымал әнші Индира Расылхан да бар болып шықты. Өнер иесі көз жасына ерік берді деп жазады KAZ.NUR.KZ. ⠀ Индира Расылханның атйуынша, Тұңғыш президенттің өкілеттілігін тоқтатқаны жайлы хабарды естігенде көзіне еріксіз жас келген. ⠀ Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Айтуынша, ең алғаш өнер әлемінде шабыт сыйлаған да Елбасы болыпты. ⠀ «Алғаш президент болып сайланған уақытта ол кісінің алдына шығып, өнер көрсеткенмін. Сол кезде 17 жаста болатынмын. ⠀ «Әнің де, дауысың да өте әдемі» деп ең алғаш маған шабыт берген де сол кісі еді. ⠀ Қазір естіп отырып, көңілім кәдімгідей бұзылды. Сіздің еңбегіңіз өте үлкен. Аман болыңыз!», — деді Индира Расылхан. ⠀ Еске сала кетсек, 2019 жылдың 19 наурыз күні 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеме жасап, президент өкілеттігін тоқтатынын хабарлады. ⠀ Бүгін Астанада қос палатаның бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде Қазақстан халқы алдында ант қабылдады. ⠀ #ИндираРасылхан

Публикация от #Шоу 🇰🇿 (@kzshow_life)

Видеоны жариялағаннан бастап, әнші желі оқырмандары жерден алып, жерге салды.

Оқырмандардың пікірі мынадай болды:

Загрузка...
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close