Басты жаңалықтар

Арман мен Аша ақыры ажырасып тынды

ФОТО: Comode.kz

Mysterions тобының әншісі Арман Қоңырбаев Instagramпарақшасында астарлы мағынасы бар жазба қалдырған. Жары Аша Матаймен ажырасты деген қауесеттердің белең алуына байланысты бұл жазба оқырманның назарын аудартпай қоймады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Арман Қоңырбаев Instagram парақшасындағы суреттің астына «сау бол!» дегендей қол бұлғап тұрған эмоджиді қойып, жанкүйерлерін қызықтырып қойды. Оған қоса «Махаббат — таңдау емес, махаббат — бұл тағдыр» деген атақты қанатты сөзді жазып қалдырған.

Соңғы кездері Арман мен Ашаның ара-қатынасының дұрыс емес екенін аңғарған желі қолданушылары бұл жазбаның жұлдызды жұбайына арналғанын сөз етті. Айта кетейік, Арман көп ұзамай аталған жазбаны өшіріп тастаған. Әншінің бұл қылығы оқырманды одан сайын ойландырып қойды.

Жұлдызды жұптың ажырасуы жайлы қауесеттер ерлі-зайыптылардың Instagram желісінде бір-бірін өшіріп тастап, бірге түскен суреттерін жүктемей кеткеннен кейін тараған.

Загрузка...
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close