ЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай беруге, қиялдай беруге мотивация беретін 5 фильмді назарларыңызға ұсынамыз.

Бақыт жолында (В погоне за счастьем)

Фото: sonypictures.com

Бұл фильмді бір емес, бірнеше рет көруге кеңес береміз, өйткені фильм расында да мотивацияға толы фильм. Фильмнің сипаттамасы: Крис Гарднердің ұлы ғана бар, үйі де, жұмысы да ештеңесі жоқ. Ол ештеңеге қарамастан ұлы үшін, арманы мен мақсаты үшін барлығына да барады. Көз жасыңызды сүртіп көруіңізде мүмкін деген сіз көруге тұратын үздік фильм. Фильм өмірден алынған.

Неприкасаемые 1+1

Фото: kinopoisk.ru

Бұл фильмде өмірден алынған. 2011 жылы жарыққа шыққан комедия жанрындағы фильм. Басты рөлдерді Франсуа Клюзе мен Омар Си ойнайды.

Фильмнің сипаттамасы: Филипп — өте бай адам, бірақ ол арбаға тағылған кісі. Ол көмекші іздейді, көмекшісі болып түрмеден енді ғана шыққан Дрисс болады. Филипп өте қыңыр адам дегенмен де оның көмекшісі Дрисс оны әрдайым көңілді болып жүрінуіне барын салады.

Звездочки на земле

Фото: kinopoisk.ru

Үнді фильмін біреуі ұнатады, екінші ұнатпайды дегенмен бұл фильм көпшіліктің көңілінен шығатыны сөзсіз. Фильм кішкентай ғана Ишана Авасти туралы. Өз-өзіне сенуден қалған жандар осы фильмді міндетті түрде көруге тиіс.

Лашықтан шыққан миллионер

Фото: kinopoisk.ru

Бұл фильм де үнді елінің туындыларының бірі. Әлем әйгілі атанған фильм, лашықтан шыққан жігіт «Миллион кімге бұйырады?» — бағдарламасына қатысып, лашықтан шықса да өзінің білімділігі, біліктілігін көрсетеді. Бұл фильм де сізге ұнамауы мүмкін емес, сондықтан көруге кеңес береміз.

Соңғы үміт

Фото: kinofilms.me

Бұл фильмде Үнді елінде шарыққан көрген туынды. Басты рөлдерде Амитабх Баччан мен Рани Мукхерджи ойнайды. Қолда бардың қадірін білмей жатамыз, бұл фильм барға шүкір, жоққа сабырлық ететін фильм.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close