Жаңалықтаржоғары

Алтынай Жорабаева ажырасқанын мойындады

Әнші Алтынай Жорабаева ажырасқанын алғаш рет мойындады деп хабарлайды Nur.kz

«Бейбітпен таныстығымыз, сонау 1997 жылы » Жас қанат» байқауынан бері. Бір-бірімізді көрмегелі біраз болған еді… Шынында да қатты сағынып қалған екенмін… Бірақ шүйіркелесе алмадық… Тойдағы қатты музыкадан ба?», — деп жазған әнші жұрттың таңданысын тудырған хэштегтерді тізеді.

«Негізі ажырасқаннан бері білмеймін, өзімді төмен санайтын болыппын, әсіресе күйеуі бар келіншектермен отырғанда күйеулерінен қатты ыңғайсызданамын. Бәрібір күйеулеріне ұнамайды ғой, келіншегінің ажырасқан әйелмен араласқаны», — деп хэштегтерге ойын тізіп шықты әнші.

Бұл хэштегтерді байқап қалған желі қолданушылары Жорабаеваға ана және әйел бақытын тілеп, еңсесін түсірмеуге шақырды.

«Төмен санама өзіңді, ешқашан. Алланың алдында бәріміз бірдей пендеміз. Алла кемітпесін. Төрт қызыңның жамандығын көрме», «Алтынай, айналайын, олай мұңайма. Басыңды биік, жоғары ұста. Қыздарың аман болсын. Сені халқың жақсы көреді», — дейді пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, Жорабаеваның продюсер Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқаны туралы елде сыбыс тараған болатын. Содан кейін Сәбит Әбдіхалықов ажырасқанын растағанымен, Жорабаеваның өзі осы күнге дейін ажырасқаны туралы тіс жармай келген.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

5 пікір

  1. Алтынайдың ойлағаны дұрыс.әрбір келіншек солай ойлайды.бырақ оған амал жоқ.күйеуі бар келіншекты күйеуі ажырасқан әйелмен көп араластырғысы келемейлы.ол рас.

  2. Сәбит ке не жетпейди. Біреун жіберді ұлымен. енді төрт қыздарымен қоса сүйіп қосқан жарын тастап. Халық алдында жүрген жандардың мәртебесі ма қаласа үйленеді, қаламаса ажыраса салады. Ортадағы балаларын ойламай ма.Ешкімнің ештеңесі кетпейді, мұнда тек зардап шегетін балалары стресс болып қалады екі жаққа жалтақтап.

    1. Біреулер тойып секіреді,біреулер тоңып секіреді деп сол Сабитке арналған

  3. Сабит масыккан адам гой,,адеми жубаиы мен кыздарын тастап,жасарып емес картайып келе жатыр гой,ертен далада калады,окинеди

  4. Ер адамдар ақымақтау келеді емес пе?Бүгінгі күнін ғана ойлайды ертең қартайған соң далада қалады Өмір бойы жас болып тұратындай,гүлден гүлге қонып жүре береді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close