Жаңалықтаржоғары

«Районы» фильмі «Үздік операторлық жұмыс» номинациясымен марапатталды

Ақан Сатаевтың атышулы «Районы» кинотуындысы МФК Азия кинолары CASA ASIA Барселонада, Панарома байқауы аясында «Үздік операторлық жұмыс» номинациясымен марапатталды.

Еске сала кетейік, «Районы» фильмі қазақстандық прокатқа 2016 жылдың қараша айында шыққан болатын. Фильмдегі басты рөлдерде Елтеріс Нұржанов үшін бұл картина оның кинодағы дебюті, сондай-ақ, режиссердің қызы Марйам Сатаева , Шәріп Серік, Жеңіс Омаров, Данияр Алшынов және басқалары сомдаған..

Картина 1980 жылдардың соңындағы кезеңді және Алматы қаласының сол уақытта қандай болғанын, оның тарихын көрсетеді. Басты кейіпкер Арсен отбасымен бірге қаланың шетінен орталыққа көшіп келеді. Арсен есімді жас жігіт туралы криминалды драма. Қаланың ортасына келген бас кейіпкер осы жерден жаңа достар тауып, жергілікті ережелермен танысады. Жаңа мектепте жаңа достар табады. Өздерін «районның жігіттері» деп атайтын Азамат пен Хабиб есімді балалармен танысып, дос болады. Онымен қоса, жаңадан қалаға көшіп келген жігіт қатыгездік пен қылмыс әлемінің ықпалына түсіп қалады.

Туынды бұған дейін Ресейдің бірнеше қаласында да  көрсетілген болатын. Мәселен: Санкт-Петербург, Омбы, Улан-Удэ.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close