Басты жаңалықтарЖаңалықтар

АВВА тобының күйсандығы сатылады

АВВА тобының әйгілі күйсандығы сатылғалы жатыр. Белгілі аспапта шведтық топтың керемет туындылары жазылған болатын. Дәл осы аспапта «Mamma Mia», «Money, Money, Money» сынды талай хит әндер жазылған болатын. Дегенмен, топ мүшелері сәтті серіктерін аукционда сатуды ұйғарыпты.

496x323_0xd42ee430_20419485331449419950

 

10 желтоқсан күні Лондонда күйсандықты сатылымға шығаратын шара өтпек. Топ мүшелері алғашқы бағасын 30 мың фунт, яғни 45,3 мың доллар деп белгілеген. 1972 – 1979 жылдар арасында аспап квартет мүшелері Бьорн Ульвеус пен Агнета Фельтскогтың үйінде болған. Сонымен қатар, келер аукционда Эда Ширанның гитарасын, Боб Марлидың әнінің қолжазбасын, Джуди Гарландтың «Оз елінің сыйқыршысы» фильміндегі жейдесін сатып алуға болады.

600x400_0xd42ee430_10770498261449419958

 

Соңғы кездері танымал адамдардың қолданған заттарын сататын аукциондар трендке айналуда. Мәселен, мұндай аукционның бірінде Владимир Высоцкийдің бетпердесін 55 мың еуроға уралдық бизнесмен сатып алды. Сонымен қатар, ақынның басқа да антикварлық жәдігерлерін иемденген Екатеринбургтегі 54 қабатты бизнес орталық пен Владимир Высоцкийдің атындағы мұражай бастығы Андрей Гавриловскийдің қаражаты 365 мың еуроға азайды. Ақынның тұтынған заттарын сатуды ұйғарған 77 жасар жұбайы Марина Владиды көп адамдар сынға алған болатын.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close