Жаңалықтар

30 жасқа толған Қайрат Нұртас туралы 10 дерек

Қайрат Нұртас – 1989 жылы 25 ақпанда Түркістан облысында дүниеге келген. Әншінің туған күні қарсаңында «Жұлдыздар әлемі» порталы сіздерге ол туралы 10 қызықты деректер дайындады

1. Өнер әлеміне алғаш 10 жасында, 1999 жылы Байқоңыр қаласында аяқ басқан. 

2. Оның ең бірінші жеке концерті 2008 жылы, яғни 19 жасына аяқ басар тұста Алматы қаласында өткен. Белгілі деректерге сүйенсек, кешке бірер сағат қалғанда билеттердің жартысы ғана сатылғанын білген әнші қобалжи бастайды. Бірақ, бір ғажайып орын алып сахна лық толады. Осы сәттен әнші Қайраттың жұлдыз Қайратқа дейінгі ұзақ сапары бастау алады және Нұртастың ұлының жаңа бір үрдісі пайда болады. Ол – туған күнін жеке кешпен атап өту. 

3. Айта кететін тағы бір дерек, 2013 жылы 25 ақпанда Қайрат Нұртастың төл баспасы «KN» қалың көпшілікке кеңінен таныстырылып, әншінің тек эксклюзивті сұхбаттары жарияланатын журнал халық арасына лезде тарап кетті. 

4. Жұлдыз 2013 жылдан бері «Forbes Kazakhstan» журналыныңзерттеуі бойынша 2 млн доллардан астап табыс тауып келеді. 

 

5. Қайраттың Аян және Заңғар атты бауырлары бар екені бәрімізге мәлім. Бір қызығы Қытай елінде білімін жетілдірген Аян бокстан Пекин қаласының чемпионы атаныпты. 

6. 2014 жылы Еуразия музыкалық премиясында «Үздік орындаушы» жүлдесін жеңіп алған. 

 

7. Ескерер тұстардың бірі, орыс жұлдызын қазақша ән айттырған Қайрат Нұртас екені естеріңізде ме? Қалың көпшілікке таныс, әрі жастардың феномені болған, «Выше» әнімен 2014 жылы Еуропа және Азия елдерін дүрсілкіндірген жас әнші Нюша Қайрат Нұртастың жеке концертінде «Алматы түні» әнін қазақша сомдаған еді. 

8. Әншінің кино саласындағы алғашқы туындысы «Арман» фильмі деп ойласаңыз қателесісіз. Өйткені, ол 2013 жылы «Өкініш» атты фильмімен актер ретінде дебют жасаған еді. Бірақ, киноға барғандардың көбі өкініп қайтқандықтан, әзірге Қайраттың бұл — ең сәтсіз туындыларының бірі. 

 

Фото: Tengrinews.kz

9. Дегенмен, мұңаятын Қайрат емес. Өйткені, оның сол жылы кино саундтрегі ретінде шығарған «Өкініш» әні мен оның альбомы және «Шыда жүрек», «Ауырмайды жүрек», «Кешегі» альбомдары «Меломан» желісі бойынша алғашқы 4 орынды иемденіп, Қайратқа «Хитмэн» атағын сыйлаған еді. 

 

10. Тағы бір айта кетерлік дерек, Қайрат Нұртас әншілік, актерлік өнермен шектелмей, “KN” журналымен тоқтамай, 2014 жылы «Қайрат Нұртас Production» атты кинокомпаниясын құрып, әйелдер және ер адамдар киім дүкенін ашқан болатын. 
Иә, өзін жан-жақты маман ретінде танытқан Қайрат 2018 жылдан бері қазақ жұртына өзін аяулы жар, ардақты әке ретінде көрсетіп келеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

🕺🏻💃 @zhuldyzabdukarimovaofficial

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

⚽✋

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Көңілдіге күн ашық. 🇦🇪👌😉

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close