Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыПродюсер

Бұл “КешYOU” бұрынғыдан өзгерек. Жаңа құрамның қыздары туралы не білеміз?

Талантты қыздардың жолын ашуды Мақсатына айналдырған Мақсатқызы “КешYOU” тобының жаңа құрамымен жұмысын бастап кетті. 

Балауса, Наргиз, Ләззат есімді үш бойжеткеннен тұратын топ алғашқы бейнебаянын халыққа ұсынып үлгерді. «Ұят емес» бейнебаяны қазірдің өзінде 840 мың қаралым жинаған. Бұл топтың арулары туралы не білеміз? 

Балауса Ерғалина

Топ мүшесі Ерғалина Балауса Ерғалиқызы – Алматылық ару. Әскери қызметкердің отбасында тәрбиеленген соң «темірдей тәртіпке» үйренген. Демек, Мақсатқызының мінезіне төтеп беру қиын болмасы анық.
П. Чайковский атындағы колледжді «Дәстүрлі ән» мамандығы бойынша үздік аяқтаған. Домбырада Жетісу және Арқа әндерін орындайды.
Вокал мектебінде қшып жүрген ару тосыннан топқа шақырту алған.
Көлік жүргізгенді, кітап оқығанды және табиғатта серуендегенді ұнатады. 

Наргиз Алтайбай

Алтайбай Наргиз Сабырқызы – Қызылорда қаласының тумасы. Өнер академиясын «Театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Өнерлі отбасынан шыққан. Ағасы Ислам да ән салады. 
Наргиз топ продюсерлерінің көзіне «Топжарған» жобасының іріктеу кезеңінде түскен. Кейін кастингке шақырту алып, «КешYOU”-дың мүшесі атанды. Бұл аруымыз тариxи фильмдер көріп, заманауи музыка тыңдағанды жақсы көреді. 

Ләззат Сұлтанова

Сұлтанова Ләззат Сүлейменқызы – Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қаласының тумасы . Ләззат үйінің де, топтың да кенжесі көрінеді. Ләззаттың әкесінің ұлты түрікмен болса, ал анасы қазақтың қызы.
Кішкентайынан саxнада жүрген бүлдіршін көптеген облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленді. 2014 жылғы «Айгөлек» фестивалінде «КешYOU» тобының алтын құрамымен ән айтып, 1-орынды еншіледі. 
2018 жылы Өнер академиясына емтиxан тапсыруға келіп, Бағым ханымның назарына ілігеді. Топ талаптарына сай келіп, бүгінде продюсерлік орталықтың жаңа жобасына айналды.

Загрузка…
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button
Close