ЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

Талғат Теменов мәдениет министрлігі мен Алагөзованы сотқа берді

«Махаббат бекеті» фильмі айналасындағы дау-дамай 2018 жылдың тамыз айында туған еді. Белгілі қазақстандық режиссер Талғат Теменовтің айтуынша, Баян Алагөзова режиссерге тиесілі фильмнің жалғасын түсіру арқылы авторлық құқықты бұзған. Ақырында әділеттік орнату үшін Теменов сотқа жүгініп, Алагөзова мен Мәдениет және спорт министрлігінен қомақты өтемақы талап етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Іс Астананың Есіл аудандық сотында қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, арыз Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне, Баян Алагөзоваға және «Shine Production» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бағытталған.

Арыз беруші Талғат Теменовтің талаптарына сәйкес жауап берушілер авторлық құқықты бұзғаны үшін жауап беріп, жәбірленушіге келтірілген моральдық залал үшін өтемақы төлеуі қажет.

Теменовтің талап етіп отырған өтемақы сомасы 30 млн теңгені құраған.

Сонымен қатар, режиссер соттан Баян Алагөзоваға фильмді прокатқа шығаруға және көрсетуге немесе интернет-сайттарда картинаның үзіндісін жариялауға рұқсат бермеуін талап етті.

Алайда, сот Мәдениет және спорт министрлігіне, Баян Алагөзоваға және «Shine production» ЖШС-ға фильмін прокатқа шығаруға және ішінара көрсетуге тыйым салу бөлігі бойынша қарсы шаралар қабылдауға негіз таппады.

Өйткені ол басқа адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкеп соғуы мүмкін.

Осылайша, сот Талғат Теменовтың «Махаббат бекеті» фильмінің барлық даналарына тыйым салу, Баян Алагөзоваға прокатқа шығаруға және фильмді көрсету немесе интернет-сайттарда үзіндісін жариялауға рұқсат бермеу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Дегенмен, сот Мәдениет министрлігі мен продюсерге, сондай-ақ, «Shine production» ЖШС-ға қатысты авторлық құқықты бұзу мен моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс қозғады.

Алдын-ала сот отырысы Есіл аудандық сотында 22 қаңтар күні сағат 15:00-де өтеді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close