Шоу бизнес

Баян Алагөзованың су жаңа келіні кім?

Баян Мақсатқызының шәкірті бейтаныс бойжеткенмен жұрт назарына ілікті Алдағы уақытта Алагөзова құрған «Алау» тобының әншісі отандық шоу-бизнестегі бойдақтардың санын азайтса, таң қалмаңыз, деп хабарлайды ShowNews.Kz ақпараттық порталы.

Баян Мақсатқызының шәкірті бой көрсеткен видео желіге жүктелгенде отандық шоу-бизнестегі тағы бір бойдаққа тұсау салынды деп топшылады көпшілік. Өйткені, бұл бейнежазбада Алагөзова құрған «Алау» тобының әншісі Ержанның қолына ақ құсын қондырған сәті анық байқалады. Алайда, оқырмандардың қызығушылығын оятқан ролик клиптегі кадрлар болып шықты. Сері жігіт тың туындыда Айжан Қозыбай атты арудың сүйіктісін сомдаған. Ал, актер таңдауда әнші қызға құрбысы көмектескен көрінеді.

«Ержанды түсірейік, сөйлесіп көр деді. Ойымда жүрді. Бір айдан астам уақыт өткеннен кейін, мен сценарий жаздым. Кейін Ержанға хабарластым. Ержан бірден келісті», — дейді әнші Айжан Қозыбай.

Клипте күйеу жігіттің кейпіне енген Ержан, өмірде отбасын құрып, отағасы атану ойында да жоқ екен.

«Кішкентай кезімде өзіме 28 жастан асқанша үйленемін деген мақсат қойғанмын. Өйткені, мансап бар, жұмыс бар деген секілді. Бүгінгі таңда үйде ата-анам асықтырмайды. Сондықтан, мен әлі жүрмін(күледі)», — дейді «Алау» тобының әншісі Ержан Мұқатаев.

Ержан сүйіктісін жолықтырса, әуелі Баян Мақсатқызымен таныстырмақ. Өйткені, атышулы Алагөзова шәкіртінің болашақ қалыңдығын қатаң тексерістен өткізеді. 

«Баян Мақсатқызы бізді әрдайым түртіп тұратын бізді. Ол кісі енді бәрін зерттейді ғой. Көргісі, білгісі келеді. Онымен бөлісу өте қауіпті. Ұнамай қалса бірден айтады, мынаның дене сымбаты дұрыс емес деген сияқты. (күледі)», дейді Баян Мақсатқызының шәкірті.

Ал, Ержан мен Айжан бірге бой көрсеткен бейнебаян «Менің жүрегімде – сенің жүрегің» деп аталады.

«Жігіт пен қыздың ара-қатынасында әр түрлі жағдайлар болып жатады. Бір-бірін түсініспей қалады. Ержан айтпақшы, қызғаныш сезімі болу мүмкін. Ғашықтар түрлі жағдайда ажасырасып кетеді. Бірақ біздің клиптің түйіні жақсы», — дейді Ержанның клиптегі ғашығы.

Екі өнерпаз түскен видеоның соңы сезім азабын бастан өткерген ғашықтардың баянды махаббатын суреттейді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close