ЖаңалықтарӘнші

«Ұят екен»: Жұртқа төстартқышын көрсеткен Жолдыбаева қатаң сынға ұшырады (видео)

Кәмшат Жолдыбаева Instagram парақшасына «төстартқышпен» түскен видеосын жүктеп, желідегілердің қызу талқысына түсті деп жазады NUR.KZ.

Кеудесі көрінген төстартқыш секілді топ (киімнің түрі — ред) сыртынан костюм кие салған әншіге желі қолданушылары өздерінің сыни пікірін айтқан.

«Жейдіңді үйде ұмытқансың ба?», «Қазақ қызына ерсі көрінеді», «Төстартқышпен шыққаны несі?», «Сені жақсы қыз деп ойлайтын едім. Мына жүрісің не?», «Ұят екен», «Образ деп бір күні жалаңаш шығар ел алдына» , -деп пікір білдірді желідегілер.

Айта кетейік, желі қолданушылары арасында әншіні жақтаған фанаттары да болды.

Олар бұл әншінің образы екенін айтып, теріс пікір жазғандармен сөзге келіп қалған.

«Бұл образ», «Үстіндегі төстартқыш емес», «Ол өзі сондай топ», «Алдымен анықтап алсаңыздаршы. Бұл Кәмшаттың жай ғана образы», «Біз бәрібір Кәмшатты жақсы көреміз» деп пікір қалдырды жеткіншек қыздар.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close