Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Батырхан Шүкеновтің ағасы марқұмның қаза болған күнінде дүркіретіп шоу өткізбеуді сұрады

Батырхан Шүкеновтің ағасы 2015 жылдың көктемінде дүниеден озған әншінің жанкүйерлерінен оның қаза болған күнінде шулы кеш өткізбеуді сұрады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Достар, егер біреулеріңіз Батырдың қазасына бір жыл болатын күні мешітке, шіркеуге, синагогаға барып, оған дұға етіп немесе оның өлеңдерін ақырын қойып, тыңдасаңыздар біз үшін сол миллион есе дұрыс әрі жанымыз тыныш болар еді… Алматылықтар Кеңсайда Құран оқып, оның қабырғасының жанында тұрса… Ал алаңдарда оның әндерін орындауға басқа да себептер болар. Дұрыс түсініңіздер», — деді Шүкенов інісінің тыңдармандарына.

Айта кетейік, ақпарат құралдарының мәліметінше, Шымкентте талантты орындаушыны еске алу жоспарланып отыр. Шараны ұйымдастырушылар, Қазнет қолданушылары Батырдың хиттерін бірге орындауға шақырды.

Еске сала кетейік, Батыр 29 сәуірде 53-ке қараған шағында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Музыкантпен қоштасу 1 мамыр күні кезінде әншінің өзі шығармашылық жолын бастаған Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония ғимаратында өтті.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close