Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыӘнші

«КЕШYOU» тобына 10 жыл!

Баян Есентаева мен Бағым Мұхитденова құрып, халықтың қошеметіне бөленген «КЕШYOU» тобына 10 жыл толды. Осыған орай топ тарихына бірге көз жүгіртейік.

«КешYOU» тобы ең алғаш 2006 жылы «Саф» деп аталып, кейін топтың аты «КешYOU» деп өзгертілді. Ең алғаш топта Әнел, Маржан, Зумрад есімді қыздар өнер көрсетті. Кейін Маржан Меңдібаева есімді қыздың орнына Мөлдір Әуелбекова есімді әнші қыз топқа келіп, топ «Мама» атты әнге алғашқы бейнебаяндарын түсірді.

«Мама» бейнебаянынан кейін топ «Пленник», «100 дней любви» әндеріне бейнебаян түсірді. Топтан Зумрад Гараева есімді қыз топтан кетіп, Аида есімді қыз топқа келіп, топ алғаш рет қазақ әніне бейнебаян түсірді, бейнебаян «Арман-ай» атты әнге түсірілді.

Бұл құрамда да өзгеріс болып, жаңадан келген Аида топтан кетеді, Аиданың орнына Наиля Заитова есімді ару топқа келеді. Осы құрамнан бастап көпшілік көрермендер «КЕШYOU» тобын тани бастады. «Персона», «Сүгірдің термесі», «Әлия» әндеріне бейнебаян түсіріп, топ бірнеше байқауларға қатысып көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Топтан Найля Заитова кетеді, топта тағыда Мөлдір Әуелбекова мен Әнел Әрінова қалады, топқа тағы да жаңа ару келеді, жаңа арудың есімі баршамызға белгілі — Кәмшат Жолдыбаева. Топ «Ғашық жүрек» фильміне саундтрек түсіріп халық әні «Әдемі қыз» топтан орындауында көпшіліктің көңілінен шығады, топ «Шығыс базары» байқауына қатысып бас жүлдеге ие болады.

Топтан Кәмшат Жолдыбаева да кетіп, топқа Айдана Меденова есімді ару келіп, топ жаңа құрамда бірнеше ай жұмыс жасады.

https://youtu.be/GM98FQK8C28

Топтан 6 жыл бойы жұмыс жасаған Әнел Әрінова мен Мөлдір Әуелбекова шығып кетеді, Айдана Меденованың жанына Кәмшат Жолдыбаева мен Жанар Дұғалова қосылады. Бұл құрамды көрермендер алтын құрам деп айтып кетті. Бұл құрам 2,3 жылдай жұмыс атқарды.

Жеке шығармашылының айналысуына байланысты Жанар Дұғалова топтан кетеді, Жанардың орнына Мөлдір Әуелбекова топқа қайтып келеді.

Мөлдір Әуелбекова бірнеше ай жұмыс жасағаннан кейін топтан тағыда кетеді, Мөлдірдің орнына Жұлдыз Өмірғали есімді 18 жастағы ару келеді, Айдана, Кәмшат, Жұлдыз есімді үш қыздар «Келші жаныма» атты әнге түсірілген бейнебаянда бой көрсетеді.

Бірнеше ай жұмыс жасаған құрамнан Кәмшат Жолдыбаева мен Айдана Меденова топтан кетеді. «КЕШYOU» тобына тағыда жаңа қыздар келді, Балжан Бидаш пен Ақбота Сейтмағамбет есімдер топқа келіп, топ бірнеше ән, бейнебаян түсіріп халықтың қошеметіне бөленіп жүр.

«КЕШYOU» тобының 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

10 пікір

  1. Маған осы топтың 2-құрамасы қатты ұнады.Кəмшат Жолдыбаева,Айдана Меденова,Жанар Доғалова кезінде топ керемет өнер көрсетті.Сол құраманың кезінде түсірілген «Ризамын»,»Қазақтың қыздары» əндері хит болды.Ал жаңа топ құрамындағы қыздарға келер болсақ:Ақбота,Балжан,Жұлдыз.Бұл қыздарға бірдеңе жетіспейтін секілді.Тым жас болғандықтан,тəжірибесі аз болғандықтан халыққа аса қатты ұнаған жоқ.Жұлдыз Өмірғалидың сахнаға əн айтқанда даусы мүлдем шықпайды,даусы өте жай.Бұл топта тек Балжанның зор даусы топты алып келе жатыр.Əйтпесе Жұлдыз бен Ақботаның дауыстары мүлдем шықпайды.Өкінішке орай бұл қыздарға көп жұмыс жасау керек….

  2. Осы Кешью тобындағы даусымен халықты ерекше баурап алған:#1 Мөлдір Əуелбекова бұл қыздың даусы өте керемет,диапазоны кең.Ұлттық дəстүрлі əндерді,терме,жырларды шырқауға бірден-бір лайықты дауыс.#2 Кəмшат Жолдыбаева даусы жайлы,құлаққа өтее жағымды естіледі.Əсіресе той əндерін шырқауға лайық.#3 Жанар Доғалова-осы əншіге сөз жоқ,қандай өлең берсең де сол жанрда,сол ритмде шырқап сала береді.Даусы кез-келген əннің жанрына үйлеседі.Даусы өте зор,анық,айқын,дархан түрде естіледі.Оған дəлел:Халықаралық Турквиджин байқауында салған əні-Ізін көрем.Аты шулы концерттік,эстрадалық əндерді шырқауға лайық Қалған топтағы қыздар ренжімесін бірақ олардың осы қыздар секілді ешқандай таланты жарқ етіп көрінбеді.Ал Айдана Меденоваға келер болсақ ол өзінің өнерінен бұрын сүйкімді назды қылықтарымен,сұлулығымен халықты баурап алды.Ол өте сұлу,сүйкімді қыз.Алайда топта əн шырқағанда оның даусы өте жай естілетін.Жеке өзі айтқанда да даусы үйлеспейтін.Ол қазіргі таңда өзінің продюсер жұбайының арқасында жеке əн айтып,бейнебаян түсірді.Алайда оның əні мына топтағы ең үздік танылған 3-қыздың да əндеріне жетпейді.Кешью тобында барлығы 10-шақты қыз өнер көрсетіп шықса,оның тек 3-еуі ғана «ең үздік» ретінде халыққа танылды.Мөлдір Əуелбекова,Кəмшат Жолдыбаева,Жанар Доғалованың зор талантты дауыстарының арқасында əндері ХИТ болды✌

    1. Дурыс айтасыз,Санбиби,КешYOU ге Молдир коп енбек синирди!Болип жармай барлыгы катысып,онер корсетсе деген тилегим бар.

  3. Осы Кешью тобындағы даусымен халықты ерекше баурап алған:#1 Мөлдір Əуелбекова бұл қыздың даусы өте керемет,диапазоны кең.Ұлттық дəстүрлі əндерді,терме,жырларды шырқауға бірден-бір лайықты дауыс.#2 Кəмшат Жолдыбаева даусы жайлы,құлаққа өтее жағымды естіледі.Əсіресе той əндерін шырқауға лайық.#3 Жанар Доғалова-осы əншіге сөз жоқ,қандай өлең берсең де сол жанрда,сол ритмде шырқап сала береді.Даусы кез-келген əннің жанрына үйлеседі.Даусы өте зор,анық,айқын,дархан түрде естіледі.Оған дəлел:Халықаралық Турквиджин байқауында салған əні-Ізін көрем.Аты шулы концерттік,эстрадалық əндерді шырқауға лайық Қалған топтағы қыздар ренжімесін бірақ олардың осы қыздар секілді ешқандай таланты жарқ етіп көрінбеді.Ал Айдана Меденоваға келер болсақ ол өзінің өнерінен бұрын сүйкімді назды қылықтарымен,сұлулығымен халықты баурап алды.Ол өте сұлу,сүйкімді қыз.Алайда топта əн шырқағанда оның даусы өте жай естілетін.Жеке өзі айтқанда да даусы үйлеспейтін.Ол қазіргі таңда өзінің продюсер жұбайының арқасында жеке əн айтып,бейнебаян түсірді.Алайда оның əні мына топтағы ең үздік танылған 3-қыздың да əндеріне жетпейді.Кешью тобында барлығы 10-шақты қыз өнер көрсетіп шықса,оның тек 3-еуі ғана «ең үздік» ретінде халыққа танылды.Мөлдір Əуелбекова,Кəмшат Жолдыбаева,Жанар Доғалованың зор талантты дауыстарының арқасында əндері ХИТ болды✌

  4. Қазіргі құрамасы ұнамайды.Түсірген бейнебаяндары да шамалы.Бəлкім баяғы Кешьюға үйреніп қалғандықтан болар осы жаңа құраманы жатырқап жатырмыз.Бұл құрамадағы қыздар келісім-шарт аяқталғасын жеке əнші ретінде жарыққа шыға ма ол жағы белгісіз.Мен Сəнбибідің пікіріне қосылам.Егер расымен бойларында талант болса атақты «Кешью» тобында əн шырқамай ақ халыққа танылып кетеді.Жұлдыз бен Ақботаның дауыстары жоқ… Ал Балжанға сөз жоқ.Топтағы екі қызды сүйреп келе жатқан сол ғана! Ол қыздың бойында талант бар.Өзінің зор даусының арқасында екі қыздың кемшілігін көрсетпейді.Осы құрамадан жеке əнші ретінде өз жолын қалыптастыратын жалғыз Балжаннан үміт бар

  5. Дурыс айтасыздар кешью тобы кулдырап кети. Балким каитадан Камшат Жанар Айдана ушеуинин косып бурынгы састапты сахнага каита акелу керек. Халык Кешьюди сагынды.

  6. Ен мыкты кешью ол камшат жолдыбаева,жанар дугалова,айдана меденова.Дауыстары кушти,керемет онер корсетип баурап алатын еди.Кешьюдин 10-жылдыгында осы алтын топ онер корсетсе деймиз.

  7. Бұл топ қазақ халқындағы ең елеулі қыздар тобы деп білемін, осы топта ең жақсы өнер көрсеткен ару ол -Мөлдір Əуелбекова,ол кісіні өте жақсы көремін, даусы өте керемет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close