Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Қара бала енді арық бала. 10 жылдық мерейтой қалай өтті?

Биыл Нұржан Керменбаев 10 жылдық мерейтойын тойлауда. Елордамызда, айтулы мереке «Экспо 2017» Халықаралық көрме аясында  Астанада бір кеш берсе, күні кеше, 3 қараша оңтүстік астанамыз Алматының тарихи сарайында үлкен концерт берді.

Қара баланың концерті несімен ерекшеленді? Концерттің өзінен бұрын, дайындығынан бастасақ. Қара бала сөзінде тұрып, арық балаға айналды. Ринголық Аян екеуі артық салмақтан арылып, арықтауға бәстесіп еді, қызу дайындықтан шапқылады ма, әлде өзін қатаң ережеге бағындырды ма, бәлкім, диетаға отырды ма, қалай болса да Нұржан біраз салмақ тастап, кеште арық бала болып өнер көрсетті.

Ерекшеліктер. Республика сарайының безендірілуі. Атап өтпеске болмайды. Себебі, өз кешінде өзіндік образдағы сахна, әр әншінің визиткасы.

Кеш қонақтары. Жеке ән кеші болғандықтан, басты назар Нұржанның өзінде болды. Халық сүйетін әндермен қатар жаңа әндер. Ең бастысы, барлығы жанды дауыста. Қонақтардың бірі, әншінің шәкірті, ерекше дауыс иесі, «МұзартLive» жобасының қатысушысы — Шоқан және тыңдарманын сағындырған, Нұржанды әнші ретінде қалыптастырған «Арнау» тобындағы өнердегі әріптесі, өмірдегі досы, актриса — Салтанат Бақаева.  Кеште Нұржанның әріптестері, достарымен қатар алыс, жақын туыстары,  отбасы да  болды.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close