ЖаңалықтаржоғарыӘнші

«Димашта жұмысы болмасын»: Майра Ілиясова жерлесі Ринат Зайытовты сөгіп тастады

ФОТО: SN.KZ

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Майра Ілиясова Димаш Құдайбергенді сынаған Ринат Зайытовты сөгіп тастады деп жазады Sputniknews.kz.

«Бұл – Ринаттың сауатсыздығы. Егер Ринат әнші болса, өнерге бір табан жақын болса, ондай әңгіме айтпас еді. Бүкіл дүниені мойындатып жатқан, мықты профессор, әлемдік деңгейдегі мамандардың бағасын алып жүрген Димашқа неге ондай пікір айтады? Бұл өзі біздің қазақтың тарихында бар. Болсын демейміз, етектен тартамыз. Димашқа мүлдем қатысы болмаса да, аузына келгенді айтып жатыр. Ал оған қара халық бетке айтты деп қол соғады. Кейбіреу оның сөзін де түсініп жатқан жоқ. Ринатқа ондай сөз айту ұят. Қандай Қытай Димаштың шоқпарын соғып отыр?

Қытайға дейін біздің Димаш «Славян базарына» барып гран–при алып келді. Оның алдында Димаш президенттік шәкіртақы алды. Димаш – мен сабақ беретін факультеттің, мен сабақ беретін оқу ордасының шәкірті. Біз оған тіл тигізуге жол бермейміз. Ринат өз саласында, айтыста мейлі профессор болсын, ал Димашта жұмысы болмасын. Егер Димаштың дауысын білмесе, онда оған сын айтудың қажеті жоқ. 

Бұл жерде журналистердің де қателігі бар. Рейтинг, шоу үшін айтылмағанды айтты деп, түймедейді түйедей етіп жетізеді. Сол секілді Димаш халықаралық конкусқа Қытайда емес, Англияда қатысса да дәл солай танылушы еді. Дәл солай өзіне лайық бағасын алушы еді. 

«Әйел дауыстыларды жек көремін» деген Ринаттың тағы бір пікірі бар. Ол әйел дауыс емес. Ол біздің тарихымызда бар. Бізде жоғары нотада айтатын Ерік Құрманғалиев болды. 

Біз – әншілер деген үлкен қоғамбыз. Біз – бір армиямыз. Егер осы ісін қоймайтын болса, біз оны тоқтата аламыз. Ринат – семейлік менің жерлесім, бауырым. Жарқырап шыққан кезе барлығымыз Ринатжан деп қолдадық. Құрмет көрді. Қазір дәл сол құрметті Димаш көріп жатыр. 

Тағы бір өкініштісі, көрермен әртүрлі болады. Үйде отырған адам, оқымағандар да, делебесі қозып қол соғатындар да бар. Әр адам өз саласының хирургі, сол саланы сынауына болады. Ешкім өзі білмейтін саланы қозғамағаны дұрыс. Бүкіл әлем мойындап отырған Димашты түкке тұрмайтын арзан әңгімемен сынаудың қажеті жоқ. Димаштың да жүрегі ауырады ғой. Осы әрекеті үшін мен Ринат үшін ұялдым. 

Димаш алдымен өзін қазаққа танытты. Ал Қытай мен Ресейдің, Англияның жасаған жарнамасына біздің шашымыз жетпейді. Қазақ қазақты мойындау үшін Қытайды мойындатуы керек болды деген пікірмен түбегейлі келіспеймін. Бізге жарнама жетіспеді. Мысалы Бибігүл ападай бұлбұл әлемде жоқ. Апай он шақты жыл болып қалды халықаралық конкурс ұйымдастырады. Мен өз еркіммен демеуші болдым сол конкурста. Қарап отырсам, бір шетелдік әнші Бибігүл апаның «Бұлбұлын»  орындай алмайды. Бір қазақтың әншісі орындай алмайды. Бұлбұлдың шықылықтауын тек Бибігүл апайға ғана берілген», — дейді Ілиясова.   

Дереккөз: Sn.kz

Загрузка...
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

3 пікір

  1. Майра апай өте жақсы айтқан екен! Бибігүл апамыздай әнші әлемде жоқ, Димаштыңда өзіндік ерекше дауысы бар, әншімізді әлем таныса нұр үстіне нұр емеспе! Өз басым Димашқа риза болам, өте қарапайым азамат, «қазақ» деп әрдайым жаны шығып тұрады!!!

  2. Майра құрбым,рахмет.Өте тамаша дұрыс айттың.Ринатты байқаймын ісі мен сөзі бөлек.Ондайды жалған патриоттық деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close