жоғарыКино & Театр

Бүгін — Халықаралық театр күні

Бүгін, 24 наурыз, Халықаралық театрлар күні. Театр – елдің айнасы. Бұл жерде драмалық шығармалар, мәдени шаралар, трагедиялық ғұмырлар, комедиялық шындықтар жәнде махаббат дастандары сахналанатын өмірдің бір бөлшегі іспеттес, таңғажайып орын.

Театр ең алғаш Грецияда ашылған. Ал Қазақстанда алғашқы кәсіби театр 1926жылы Қызылорда қаласында ақпанның 13-де М.Әуезовтың «Еңілік-Кебек» трагедиясымен тұңғыш шымылдығын ашты.

Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт — дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын — сауықтар, ақындар айтысы, т. б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған. Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын труппалар құрып, ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен.

1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) М.Әуезовтің «Еңлік — Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды.

Театр алғаш рет құрылған жылы онда Қазақ ССРнің Халық артисттері: Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды. 1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н. Бекежанов атындағы облыстық театр ғимараты тұр.

Бұл күнде Қазақстанның барлық облыс орталықтарында драма театрлар ашылды. Соңғы жылдары Қазақстанның барлық театрларының репертуралары байы түсті десек артық атпадық. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында 30жуық ірі театрлар мен 20жуық жас театрлар жұмысын істейді. Еліміздің әкем театры атанған М.Әуезов атындағы академиялық драма театры бүгінгі күнде 90жылдық мерей тойын тойлауда.

Әкем театрының 1995жылдан бері дәстүрлерінің бірі «Театр Көктемі» жыл сайынғы Халықаралық театр күніне және наурыз айына арналған фистиваль өткізіліп келеді.

«Театр көктемі -2016» фистивальі Қазақ театр өнерінің көзі тірі абыз анасы, сазхна саңлағы, көрнекті актриса, Қазақ ССРнің Еңбек сіңірген артисі, Қазақстан Репсубликасының Мәдениет саласының Үздігі Хабиба Қарақбайқызы Елібекованың 100жасқа толуына арналып отыр,

Бүгінгі таңда театрсыз елді көру мүмкін емес. Театр сол елдің айнасы. Қай елдің қандай жағдайда екенінін білгіңіз келсе театрына барыңыз.

«Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер – театр» деп халқымыздың арда ұлы Ғабит Мүсірепов айтқандай, ешқандай ел мәдениетсіз, өркениетсіз, театрсыз ел болмайды, бола алмайды да.
Сондықтан театрға барып, рухани азық алайық ағайын !!!!

Дайындаған: Юсуф Кисбаев

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close