Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыСараптамаларШоумен & Тұлға

2018 жылы отандық шоу-бизнесте болған елеулі оқиғалар

Жаңа жыл – жарылқасын, Ескі жыл – есіркесін“, – демекші жап-жаңа 2019 жылды қарсы алуға санаулы күндер қалды. Жыл ағымында барлық адамдардың өмірінде біршама өзгерістердің орын алатыны рас. Ол өзгерістердің қаншалықты айтулы екенін жыл соңындағы қорытынды бойынша саралауға болады. 

Олай болса, алдарыңызға 2018 жылы Жұлдыздар Әлемінде орын алған елеулі, Қазнетті шулатқан жаңалықтар топтамасын ұсынамыз.

Өзін әлемдік деңгейде танытып жүрген Димаш

Newtimes.kz

Иә, Димаш үшін 2018 жылы да сәтті жыл болды. Әлемге танылған мақтанышымыз биыл «Әлем аруы» байқауының арнайы қонағы болып, қазақ тілінде ән салды. Оған қоса Ресейдің бірнеше бағдарламаларына қатысып, «Жыл әні» фестивалінде арнайы дипломға ие болды. Димаш үшін ең елеулі оқиға ол Ұлыбритания елінің астанасы Лондон қаласында концерт беруі болар.

Жұлдыздың өмірі айқын болды

Sn.kz

Биыл «КешYou» тобының экс-әншісі Жұлдыз Өмірғали ұлын көрсетіп, тіпті дүркіретіп той өткізген еді. Жұлдыз бен Айқынның той жасап, Санжар есімді ұлдарын көпшілікке көрсетуі желідегілерді дүр сілкіндірген еді.

Денис Теннің өмірден өтуі


Матрица.kz

Осы жылдың шілдесінде Денис Тен 25 жасында өмірден өткен еді. Көк туымыз бір емес, талай рет желбіреткен мақтанышымызды көліктің әйнегін ұрлап жатқан екі адам пышақтап кеткен болатын.

Денис Тенді өлтірген күдіктілер ұсталғанымен, әлі де тергеу жұмыстары жүріп жатқан көрінеді.

Шаңырақ көтерген жұлдыздар

Sn.kz

Белгілі актер Артур Төлепов Мадина есімді арумен шаңырақ көтерсе, ал әнші Абай Бегей екінші рет үйленіп, оның үйлену тойы желіде желдей ескен еді. Ал «жүрегімнің иесі» — деп әндеткен Альбина Шардарова белгілі актер Бауыржан Сатоватың жан жары атанды.

Ажырасқан жұлдыздар

365info.kz

Бірі отбасын құрып жатса, бірі отбасын бөліп жатты. Әрине, өмір болған соң бәрі де болады. Үшінші рет тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова үшінші күйеуінен де ажырасса, ал екі қызы бар Алмас Кішкенбаев та жан жары Мөлдірмен де ажырасып тынды. Мөлдір демекші, қазақ эстрадасындағы Мөлдір Әуелбекова да сүйгені Арыстанмен заңды түрде ажырасып кетті.

Қазақтың зиялылары қатаң сынға алған «Қозы көрпеш Баян сұлу» телехикаясы

Brod.kz

Жылдың басында Баян Алагөзова тағы да сынның астында қалған еді. Бұл жолы белгілі продюсер белгілі тұлғалардан естімегенді естіді.

Журналист Арман Сқабылұлы сериал туралы былай деген еді: “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” сериалында Баян кейіпкер: “Қодарды жақсы көрсе, әке-шешем өздері тиіп алсын”, – деді. Шашалып қалдым”. Ал Меруерт Түсіпбаева да Баянның баянсыз махаббаты туралы сериалын сынап еді. “Менің ойымша, парламент қасиетті жәдігерлерге қол сұғылмаушылық туралы заң шығаруы тиіс. Осылайша тарихымызды қорлау түгілі, оған тиісуге де жол бермеу қажет”, — деп пікір қалдырған еді Түсіпбаева.

2018 жылғы сәтті фильмдер

Brod.kz

Биыл әншілер фильм түсіретін жыл болды. Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахан, Бүркіт секілді әншілер өздерінің фильмдерін көпшілікке көрсетті. Аталған әншілердің ішіндегі ұлы дала баласының «Ұлы дала баласы» комедиясы көпшіліктің көңілінен шықса, режиссер Ахан Сатаевтың «Бизнесмены» жаңа рекорд орнатқан еді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close