Жаңалықтар

Бекболат Тілеухан радиожүргізуші атанды

Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан Қазақ радиосында «Қоңыр әңгіме» атты хабарды жүргізе бастады. Хабар бүгіннен бастап эфирге шықты, — деп жазады Қазақпарат.

Бұл туралы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры  Құрманбек Жұмағали Фейсбуктегі жеке парақшасында жазды. Оның айтуынша, аталған бағдарлама Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жүргізіліп отыр.

«Ондағы мақсат ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ғасырлар бойы қалыптасқан бай мұраны ұрпақ санасына сіңіру. Қазақ радиосының эфиріне әр дүйсенбі күні сағат 20:00-де шығатын «Қоңыр әңгіме» хабарының алғашқы саны «Ұлттық код» тақырыбына арналады. Хабардың жүргізушісі Мәжіліс депутаты, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан», — деді Қ. Жұмағали.

Загрузка…



Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close