«Рэкетир-2» фильмінің актері Дастен Шәкіров үйленді
«Рэкитер-2» фильмінің актері, белгілі тележүргізуші Дастен Шәкіров отбасын құрды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дастеннің өнердегі әріптесі Әсел Сағатова Instagram желісіндегі парақшасында сүйінші сұрап: «Актерлер тобы Дастеннің тойындамыз. Жас отбасыға бақыт тілейміз!», — деп жазды. Тойға Асылхан Төлепов, Жандос Айбасов сияқты белгілі актерлер қатысты. Дастеннің қалыңдығының есімі — Ботагөз. Ол бір апта бұрын ұзатылды.
Айта кетейік, Дастен Шәкіров көрерменге «Жаным» телесериалы арқылы танымал болды. Ол 2015 жылдың мамыр айында көрсетіле бастаған «Рэкитер-2» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Актердің айтуынша, фильмдегі образы үшін ол 12 келі салмақ тастаған.
Ақпарат Tengrinews.kz сайтынан алынды!