Басты жаңалықтар

«Басым бос емес» Келесі той кезегі кімде?

Сахна өкілі жеке өмірін жасырын ұстайтын жұлдыздардан ерекшеленді. Бұрымды камерадан еш қымсынбай, көпшілкке сүйіктісі бар екенін жария етті. Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталын оқыңыздар

Шоу-бизнестегі басы бос бикештер қатары азайды. Осыдан 1жеті бұрын  Жарқынай Ханайым ақ келін атанса, той күні жақындаған Балжан Бидаш көйлек таңдай алмай әлек. Тұрмыстағы әншілер тізіміне енетін сәтін — Ayree

“Әлі білмеймін, қашан келін боламын,  басым бос емес. Жоқ, енді айтпай-ақ қояйын. Бәрі білсін де, менде бәрі жақсы, керемет, супер.  Енді «қашан келін атанамын деп» өзім де күтіп жүрмін”, — дейді Ayree.

Иә, шоу-бизнес таяуда тағы бір бұрымдыны ұзататын секілді. Ал,  25-тен асқан Q-pop өкілі Малика Yes болса ақ босаға аттауға асықпайтын көрінеді.

“Менің нақты мына уақытта шығу керек деп өзімді шектемеймін.  Менің ойымша, әркімнің өз уақыты бар.  Егер 18 жасыңда кездестірсең сол кезде отбасылы боласың, бәлкім 30-ға келгенде кездестіресің. Қатып қалған қағида жоқ. Ханзадам жолықса, сол уақытта тұрмыс құрармын”, — дейді Malika Yes.

Бірі тағатсыздана ханзадасын күтсе, ал келісі ару отбасындағы жауапкершіліктен қорқуда.  Бұл сұраққа,  Баян Алагөзованың шәкірті Сиситай тығыз кестесін айтып, басын ала қашты.

Уақытым да жоқ оған біріншіден. Өйткені күнде таңертең сабаққа барамын, биге, одан кейін студияға келемін. Күнделікті қайталанады. Сондықтан жігітке уақыт бөлу керек, көңіл бөлу керек.  Сезіміңді бөлуің керек, менің оған мүлде уақытым жоқ қазір”,- дейді C.C.Tay.

Аянат бестігі де бойжетіп тұр. Десе де жеке өмірге келгенде Қонарованың қыздарына келтіретін  кедергілер көп.

“Бізге жігітпен жүруге әзірге болмайды. Бізге рұқсат етілмеген. Сол себепті, әзірге ешкіммен жүрмейміз. Біздің келісім шарт 24-25 жасымызда бітеді. Сол уақытта тұрмыс құрғанымыз жөн секілді. Осы тақырыптан қорқғамын. Жігіт деген не?”,- дейді Аянат арулары.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close