ЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

«Зал күңіреніп, түнеріп отырды»: Журналист Абай Түзелбай Есмаханның киносын сынап тастады

Журналист Абай Түзелбай Ерке Есмаханның «Махаббат кафесі» фильмін не драма, не комедия, не трагедия емес деп сынап тастады.

Бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» порталы хабарлайды.

«ЕСІҢДІ ЖИ, ЕРКЕ!
Біздің xалық бір-бірінің нанын таласып жеуге құмар әрі бұл істе алдына жан салмайды. Ерекше талантты һәм қабілетті.
«Әркім өз ісімен айналыссыншы»,-деп айқайлап, ұрандап жүрсек те, тосқауыл бола алмай келеміз.
Бұлай деуіме басты себеп — Ерке xаным Есмаxанның фильмі.
Әрісі Баяннан, берісі Төрешке дейін талай фильм көрдік. Бірақ, Еркенікі ең ерекше! Неге? Себебі, не әні, не мәні түсініксіз.
Еліміздің еркесі жұрттан қалмайын деді ме, әлде үш минуттық клиптен зерігіп, алысқа шапқысы келді ме, кім білсін?! Тапқан-таянғанына тың туынды таспалайын депті. Бірақ, киносы тың емес, мұң болғаны өкінішті.
Адам баласы кем дегенде мың теңгесін, ақшасы құрысыншы, демалайын деп алтын уақытын осындай фильмге сарп еткісі келмейтін шығар. Әйтеуір, біз отырған 100-ден астам адамы бар зал күңіреніп, түнеріп отырды. Ұнады деген бір адам көрмедім.
Ал, енді, жіктеп, талдап көрейік.
📍Локация. Түсірілім Шуда болыпты-мыс. Темір жол жиегіндегі сапасы сын көтермейтін кафе, базар, ауруxананың алды. Сүйсініп қарар локация атымен жоқ. Ең құрығанда аспаннан түсірілген әдемі кадрларды да көрмейсің. Болған да шығар, есте қалатыны кездеспеді.
✍🏻Сценарий. Асқар Ұзабаев жазыпты. Режиссер кісі!
Осыған дейін оның жетекшілік еткен отандық фильмдерін көрдік. Бірақ, сценарист ретінде талантты емес екені айқын көрінді.
Бұл жерге сценарийдегі сауатсыз сөздер мен тіркестерді тіркемей-ақ қояйын. «Аспазшы» дегеннен бастап🤦🏻‍♂️
💡Идея. Мораль. Бұл фильмге аталмыш терминдер мүлдем жат сыңайлы. Себебі, көрген оқиғамыздан көкейге ештеңе түйе алмадық. Санада сан сұрақ. Оқиға басталады, соңы жоқ. Күткен шешім тіпті әңгіме қылуға келмейтін құр сандырақ.
Қысқасы, не комедия, не трагедия, не драма емес…
🕺🏻Актерлік құрам. Бұған дейін түрлі образдармен танымал актерлер. Бірақ, олардың мансап сатысындағы ең сәтсіз рольдері осы картинадан көрініс тапқан шығар.
🎶 Әндер. Еркенің өз фильмі екен деп бүкіл әндерін кино бойы «тыққыштай» беру тапқырлық емес. Оған қоса, звукта «портактар» бар.
👩🏻‍💻Продюсер. Гүлнұр Мамасарипова! Түсінесіз бе, ГҮЛНҰР! Өте мықты маман! Сыйлаймын! Құрметтеймін! Бірақ, инстадағы постын көргем, «Ерке, мен қолымнан келгенін істедім. Бағыңа қарай көрерсің» деген сипатта. Сезіктенгенім сол сәттен басталғанын жасырмаймын. Гүл әпше! Неге? Сәл қамшылап жібергенде осындай қуыс кино шықпас па еді?!
Бірақ, оның мықтылығына еш шүбәм жоқ. Басқа жобаларын сүйсіне қараймын. 💪🏻
Дегенмен, қандай жобаны қолға алсаң да, ақшасыз алға баспайды. Бұл киноға да қарайған қаражат кеткен болар. Ақтамай қалуы әбден мүмкін.💸
Жығылғанға жұдырық! Киноның соңында менің ең жек көретін әнім қойылды! «Күндізде де, түндеде де» осындай сауатсыз ән көрмеппін🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️
СҰРАҚ❗️
«НЕГЕ БАРДЫҢ ОНДА?» дейтіндер табылады. Мен отандық фильмдердің фанатымын. Жақсы болсын, жаман болсын көруіміз керек.
Көрермен ретінде пікір жазуым, егер шығармашылық топтың назарына ілінсе, ескерер деген ниет.
«- деді журналист Абай Түзелбай.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close