Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыӘнші

Лұқпан Жолдасов: Ешқандай инструментте ойнап білмейтін әнші, ұзаққа бармайды

Лұқпан Жолдасовтың қолқанатының астына сұранатын әншілердің саны күніне жиырма адамнан асады. Бұл туралы белгілі продюсер, әрі композитор, әрі әнші Лұқпан Жолдасов «Ащы шындық» бағдарламасында айтты. Студия есігін қаққан адамдар әндерін көрсетіп, ақыл сұрап, өнер иесінің оларға продюсер болғанын қалайды екен.
Кезіктірген талантты қалт жібермеуге тырысатын продюсер көңілінен шығып жатқан өнерпазды бірден алып қалатынын да жасырмады. Бірақ оған қойылар талаптың бірден бірі — қайсыбір аспапта ойнай білу. Себебі «Ешқандай инструментте ойнап білмейтін әнші, ұзаққа бармайды», -дейді Лұқпан Жолдасов. — «Инструмент ойнап білмейтін әншіні әнші деп есептемеймін»,- деп ойындағысын продюсер мырза ашық айтса да, әріптестерін ренжітіп алмас үшін сөзінің соңын «аспапта ойнай алғаны өте жақсы» деп, жылы қайырды.
Иә, Лұқпан Жолдасовтың айтуынша, аспап білмейтін өнерпаздың өнерден алар еншісі аз болмақ. Бірақ бұл орайда «қазақтың бақ шаба ма, бап шабады ма?» деген мақалы еске түседі екен. Небір аспаптың құлағында ойнайтын талантты жандар кейде сұранысқа ие болмай жататыны тағы бар. Сондықтан өнерпазды өрге сүйрейтін қандай күш, қандай құдірет? Бұл әңгімемізді біз болашақта әлі тарқататын боламыз.

Диана Арыс

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close