Кино & Театр

Стивен Сигал өзінің тегі көшпенді екенін мәлімдеді

Голливуд актері Стивен Сигал өзінің шыққан тегі көшпенді екенін айтты деп хабарлады Массагет порталы актердің Бішкекте өткен баспасөз-мәслихатындағы сөзіне сілтеме жасап.

«Менің әкем – бурят, шешем – үндіс. Сондықтан менің де ата-бабам көшпенді болған. Яғни, мен де одан алыс болмауым керек. Менің ойымша, дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу өте дұрыс шешім деп санаймын. Қалай өмір сүру керегін түсіну үшін, әуелі бізге қайдан шыққанымызды білу қажет», – дейді Голливуд актеры.

Танымал АҚШ актеры Ыстықкөл облысында өтіп жатқан ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қадірлі қонақ ретінде қатысып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның Чолпан Ата қаласында ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтіп жатыр. Жаһандық жарысқа 58-ден астам елдің 600-ге тарта спортшысы қатысуда. Олар 25 спорт түрінен бақ сынайды. Халықаралық іргелі шара туралы жаһанның 35 елінен көптеген белгілі ақпарат құралдары хабар таратуда. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 75 спортшы қорғайды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close