Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрӘнші

Қайрат Нұртас фильмге саундтрек жазды

3 наурызда прокатқа шығатын «16 қыз» романтикалық комедиясына әнші Қайрат Нұртас саундтрек орындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кезінде «Дос Мұқасан» ансамблі орындаған «16 қыз» әніне Алматы қаласында бейнебаян түсіріліп бітті. Айта кетейік, толықметражды комедия түсіруге идея киноның режиссері Қанағат Мұстафин мен продюсер Айдархан Әділбаевта дәл осы композицияны тыңдаған сәтте пайда болыпты.

Қанағат Мұстафиннің айтуынша, қазіргі таңда Қайрат Нұртас ең танымал әртістердің қатарында. Сондықтан оған осы аңыз туындыны орындауға сенім білдірген.

 

Дереккөз: tengrinews.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close